Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Visa «MEGA Alma-Ata» сауда орталығына «Visa Gold шоппинг күндеріне» шақырады

03.04.2012

  • «Visa Gold шоппинг күндерінде» «MEGA Alma-Ata» сауда орталығында тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде Visa Gold карта ұстаушылары үшін арнайы жеңілдіктер қолданылатын болады.
  • «Visa Gold шоппинг күндері» 2012 жылғы 6 сәуірден бастап 29 сәуірге дейін төрт уик-эндке (әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күндері) жалғасады.

Алматы, 2012 жылғы 27 наурыз – Visa компаниясы Қазақстандағы ірі «MEGA Alma-Ata» сауда-көңіл көтеру орталығымен бірлікте «Visa Gold шоппинг күндеріне» шақырады. Осы кезеңде «MEGA Alma-Ata» сауда орталығында тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде Visa Gold карта ұстаушылары үшін 50% дейін арнайы жеңілдіктер қолданылатын болады. Акцияға қатысатын және Visa Gold карталарымен төлеу кезінде өз клиенттеріне жеңілдіктер ұсынатын дүкендер Visa Gold арнайы жапсырмаларымен белгіленген болады.

«Visa Gold шоппинг күндері» 2012 жылғы 6 сәуірден бастап 29 сәуірге дейін төрт уик-эндке (әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күндері) жалғасады. Жеңілдіктерден басқа әрбір Visa Gold карта ұстаушысы 15 мың теңгеден астам тауарлар мен қызметтерді төлеген жағдайда, Visa Gold бренді сөмкесін сыйға алады. Сәуір айында «MEGA Alma-Ata» СКО келушілердің барлығына арнайы Visa Gold Lounge аймағы ұйымдастырылады, мұнда қонақтар Visa Gold картасын ресімдеу, сонымен қатар Visa компаниясының Қазақстандағы және шетелдегі сауда серіктестерінің ұсыныстарымен танысу мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Visa компаниясы сыйлықақылық өнімдерді дамытуға әрқашан үлкен мән беріп келді. Зерттеулерден сыйлықақылық карта ұстаушылар үшін саяхат пен мейрамханалар саласындағы ұсыныстар, сонымен қатар сатып алуларға берілетін жеңілдіктер аса тартымды екенін көруге болады, - деп атап көрсетті Александр Калита, Visa-ның ТМД елдеріндегі бизнесті дамыту жөніндегі аймақтық менеджері. – Сондықтан Visa қазақстандықтарға барлық дүкендер жаңа коллекцияларды көрсету үшін есіктерін айқара ашатын уақытта Visa сыйлықақылық карталары бойынша заттарды тиімді сатып алу үшін бірегей мүмкіндік ұсынуға бел буды. Мен «Visa Gold шоппинг күндері» қазақстандықтарға Visa Gold картасын иелену үшін себепкер болатынына сенемін.»

«Visa Gold шоппинг күндері» туралы толық ақпаратты www.visapremium.com/vsd сайтынан біле аласыз.

* * *

Visa туралы

Visa карта ұстаушыларға, сауда-сервистік кәсіпорындарға, қаржы және үкіметтік мекемелерге әлемнің 200 астам елінде жылдам, қауіпсіз және сенімді электрондық төлемдердің желісіне қосылуды қамтамасыз ететін ғаламдық төлем жүйесі болып табылады. Эле