Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ-ның Басқарма Төрағасы қызметіне Ерік Балапанов тағайындалды

17.04.2012

Алматы, 2012 жылғы 17 сәуір – «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі (әрі қарай - Банк) Директорлардың – кредитор өкілдерінің қатысуымен жаңа құрамда өзінің бірінші отырысында Банк Басқармасының Төрағасы қызметіне Балапанов Ерік Жұмаханұлын тағайындау туралы шешім қабылдады.

«Ерік Жұмаханұлының банктік бизнестегі тәжірибесі біздің қаржылық институт үшін маңызды болып табылады. Осы тағайындауды акционерлер мен Директорлар кеңесі берешкті қайта құрылымдауды жемісті жүргізу, Банктің жұмысын тұрақтандыру, оны кірістілікке шығару және қаржылық қызметтер нарығындағы оның орнын қалпына келтіру сияқты жоспарлармен байланыстырады» - деп атап өтті осы тұрғыда Директорлар кеңесінің Төрағасы Әнуар Сәйденов.

Өз кезегінде Ерік Балапанов: «БТА Банкінің Басқарма Төрағасының қызметіндегі жұмыстар, мен үшін жауапты әрі маңызды болып табылады. Акционерлермен алдыға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін өз тәжірибемді және білімімді салуға дайынмын» деп ерекше атап өтті.

2012 жылғы қаңтардан бастап Банктің Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы Асхат Бейсенбаев Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, Директорлар кеңесінің шешімімен Банк Басқармасына үш басқарушы директорлар енгізілді - Джанна Ахметжанова (риск-менеджмент), Наталья Логинова (қаржы блогы), Күнсұлу Қапбасова (бөлшек бизнес).

Сонымен қатар, Директорлар кеңесінің осы шешіміне сәйкес Банктің Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Николай Варенконың өкілеттігі өзінің қалауы бойынша қызметтен босату туралы өтініші негізінде тоқтатылды.

* * *

Балапанов Ерік Жұмаханұлы Алматы қаласында 4 маусым 1968 жылы туылған.

1989 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Экономист» мамандығы бойынша, 1997 жылы Еуразиялық нарық институтын «Қаржыгер» мамандығы бойынша тәмамдады. Экономика ғылымдарының кандидаты.

1995-1997 жылдары Тұранбанкіндегі Валюталық операциялар басқармасының бастығы, Операциялық департамент Директоры, ТұранӘлем Банкінің Басқарма Төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

1998 жылы «Алматы коммерциялық банк» ЖАҚ Басқарма Төрағасының м.а.; «Казкоммерцбанк» ААҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі және «Нан Өнімдері» Компаниясының Директорлар кеңесінің Төрағасы қызметтеріне тағайындалған.

2001 жылы «Қазақстанның даму банкі» ЖАҚ Басқарушы директоры қызметіне тағайындалған.

2003 жылы «Казкоммерцбанк» АҚ Басқарма мүшесі - Корпоративтік кредиттеу мәселелері жөніндегі Басқарушы директор қызметін атқарған.

2005 жылы «Казкоммерцбанк Қырғызстан» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

2009 жылдан бері Балапанов мырза «Грантум ЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып табылады, сондай-ақ, «Казкоммерц- Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ және «Казкоммерц-Полис» Сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңестерін басқарады.

2012 жылғы 11 сәуірде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-аухат қоры» АҚ өкілі ретінде «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесіне сайланды.

БАҚ арналған байланыстар:
тел. +7(727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz