Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «БТА Банк» АҚ ШОБ үшін «Тендерде жеңіске жет» атты жобаны іске қосты

25.04.2012

Алматы қ., 2012 жылғы 25 сәуір – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «БТА Банк» АҚ шағын және орта бизнес (ШОБ) үшін «Тендерде жеңіске жет» атты оқу- консалтингтік жобасының тұсауын кесті. Осы орайда ұйымдастырылған баспасөз мәслихатына «Даму» Қорының Басқарма Төрайымы – Ләззәт Ибрагимова; «Даму» Қорының Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі Ғабит Лесбеков; «БТА Банк» АҚ-ы Басқарма Төрағасының орынбасары – Асхат Бейсенбаев; Майра Салықова – «Орталық Азия жүйелі зерттеулер қоры» қоғамдық қорының Президенті қатысты.

Тендерге сәтті қатысу үшін не қажет екендігіне, яғни құжаттаманы қалай қалыптастыру және регламенттелген сатып алуларға қатысу үшін ресурсты қалай тарту, тендерлік кепілдікке қалай қол жеткізу және өзге де көптеген іс-әрекетке үйрететін семинарға өз қызметтерін жоба аясында ШОБ секторында іске асырып жүрген Қазақстанның барлық аймақтарындағы кәсіпкерлер қатыса алады. Барлық қатысушылар қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етіледі, тендерге қатысу бойынша ақпарат алады. Оқуды білікті бизнес-тренерлер өткізеді.

Аталмыш жобаның мақсаты – ШОБ субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оларға регламенттелген сатып алу нарығында олардың тиімді жұмыс істуіне мүмкіндік беру.

«Даму» КДҚ» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова «Тендерде жеңіске жет» жобасы бойынша жұмыстың басталуына түсіндірме бере отырып, Отандық шағын және орта бизнестің мақсаттылығымен және жігерлілігімен ерекшеленетінін, өздеріне сенімді бастамашыл жандардың өз істерін ашып жатқандығын, және де өз істерін одан әрі дамытулары үшін оларға көп жағдайда біраз құзырет пен білімнің жетіспеушілігін алға тарттты. « - Біз шағын және орта бизнестің, атап айтқанда, сатып алуларға қатысу туралы көкейтесті ақпаратқа қолжеткізу бөлігіне қолдау көрсетуге тырысудамыз. Мұндай әрекет, өз кезегінде, олардың ұлттық, ірі компанияларға, мемлекеттік кәсіпорындарға қажетті жұмыс және қызметтер нарығына шығуларына жол ашады»,-деп Қор Төрайымы өз пікірін білдірді.

«БТА Банк» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Асхат Бейсенбаев өз кезегінде: «БТА Банк Қазақстандағы шағын және орта бизнеспен ұзақ уақыт бойы және сәтті жұмыс істеп келеді. Біз әрқашан отандық кәсіпкерлердің барлық тілектері мен қажеттіліктерін ескеріп отыруға, олардың қажетті қаржы ресурстарына қолжеткізулеріне мүмкіндік беруге тырысамыз. Осы жобада «Даму» Қорымен бірлесе отырып кәсіпкерлерді регламенттелген сатып алу нарығында жұмыс істеуге оқытамыз. Осылайша, өз ісін дамытуына мүмкіндік береміз. Бұл, артық айтқандық болмас, дегенмен бұл - мемлекеттік маңызы бар іс. Біз ел үшін мәнді әрі маңызды жобаға барынша атсалысып жатқанымызға қуаныштымыз», - деп сөз түйді.

«Даму» Қоры мен «БТА Банк» АҚ-ы «Тұрақтандыру бағдарламасының 1- траншы», «Тұрақтандыру бағдарламасының 2- траншы», «Тұрақтандыру бағдарламасының 3- траншы», «Даму-Өндiрiс», «Даму-Аймақтар», «Даму-Аймақтар II», «Бизнестің жол картасы-2020» сияқты Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың және т.б. жобаларды бірлесе отырып іске асыруда.

Қаражатты екінші деңгейдегі банктер арқылы келісіп орналастыру бағдарламалары аясында 01.03.2012ж. жағдай бойынша 12 мыңнан астам қарыз алушы жалпы сомасы 614 млрд. теңгеге қаржыландырылды. 23 мыңнан астам жұмыс орындары құрылып, қолдау тапты. Соның ішінде, «БТА Банк» АҚ-ы жалпы сомасы 179 млрд. теңгеге 2 683 жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырды, бұл нақты игерілген қаражаттың жалпы сомасының 30% жуығын құрайды. Сонымен, «БТА Банк» АҚ қаржыландырылған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің саны мен «Даму» Қоры» АҚ бағдарламалары бойынша оларға берілген қаражат көлемі бойынша жетекші банк болып табылады.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 24.04.2012ж. шаққанда 983 субсидиялау шартына және 35 кепілдік беру шартына қол қойылды. Кредит портфелінің көлемі 314 млрд. теңгені құрады. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қол қойылған субсидиялау шарты бойынша жобалардың басым көпшілігі «БТА Банк» АҚ тиесілі.

БАҚ үшін байланыс:

«Даму» КДҚ» АҚ баспасөз қызметі
тел. +7(727) 244 55 66 (ішкі 1021)
(байланысатын тұлға: Эльнура Керешова)
e-mail: Elnura.Kereshova@fund.kz
www.damu.kz
«БТА Банк»АҚ баспасөз қызметі
тел. +7(727) 266 43 22 (байланысатын тұлға: Филипп Прокудин)
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz