Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі сотқа қайта құрылымдау туралы өтініш берді; қалпына келтіруге Облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу туралы талап

03.05.2012

Алматы қ., 2012 жылғы 3 мамыр - «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) 2012 жылғы 2 мамырда Алматы қаласының Мамандандырылған Қаржы Сотына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық берешекті қайта құрылымдауды бастау туралы өтінішпен жүгінгендігін хабарлайды, бұл осы процестің бір бөлігі болып табылады.

Осы жүгінуге байланысты Банк сотқа Банктің Кредиторлар комитетінің кеңесшілерімен бірігіп дайындалған және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен мақұлданған қайта құрылымдау жоспарының жобасын ұсынды.

Банк кредиторларының әртүрлі топтары кіретін Кредиторлар Комитеті кредиторлардың барлық санаттары үшін әділ болатын қайта құрылымдау жоспарын әзірлеу мақсатында Банкпен жұмысты бастауға дайын екендігін растады. Кредиторлар Комитетінің кеңесшілері мамыр айында Банктің кешенді бағалауын (due diligence) жүргізеді.

Банк, Кредиторлар Комитеті мен олардың кеңесшілері арасындағы қайта құрылымдаудың шарттарына қатысты ресми келіссөздер маусымда басталады деп жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Банк қалпына келтіруге Облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу туралы хабарламаны Облигация ұстаушыларының сенімді меншік иесі ретінде BNY Mellon Corporate Trustee Services Limited (әрі қарай – Сенімді меншік иесі) атынан алғандығын хабарлайды, олардың бастапқы жиынтықты Базалық сомасы 5 221 494 216 АҚШ долларды (әрі қарай – Қалпына келтіруге Облигациялар) құрайды.

Бұл әрекет Кредиторлар Комитеті мен Банк үшін күтпеген жағдай болды. Кредиторлар Комитеті (Қалпына келтіруге Облигация ұстаушыларын қоса алғанда) қайта құрылымдау бойынша келісілген шешімге қол жеткізу үшін БТА-мен ынтымақтасуға ниетті. Банк мұндай талап қайта құрылымдау бойынша келіссөздерге кері әсер етпейді деп жорамалдайды.

БАҚ арналған байланыстар:
тел. +7(727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz