Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі тәулік бойғы БТА24 онлайн-бөлімшесін іске қосты

03.05.2012

Құрметті клиенттер,

Сіздермен қуанышты хабармен бөлісуге асықпыз – БТА Банкінің клиенттері үшін БТА Банкінің онлайн-сервистерінің мүмкіндіктерін едәуір кеңейтетін жаңа, аса ыңғайлы және озық қызмет көрсету арнасы – тәулік бойғы БТА24 онлайн-бөлімшесі сәтті іске қосылды.

БТА24 ендіру кезінде, біз қолданыстағы онлайн-сервистердің қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша барлық тілектеріңізді ескеруге тырыстық және бірқатар жаңа интерактивті сервистерді қостық. Егер енді Сізге БТА24 операция атқару үшін көмек қажет болатын болса не болмаса сауалыңызға шұғыл түрде жауап алғыңыз келсе, Сіздерге Банк мамандарының тәулік бойғы электрондық кеңестерін ұсынамыз.

Егер электрондық поштамен хабарласудың орнына, телефон арқылы сұхбаттасқыңыз келсе, онда телефон қоңырауына тапсырыс беру қызметін пайдалана аласыз. Өзіңізге ыңғайлы уақытты белгілеңіз, сонда біздің мамандарымыз міндетті түрде Сізге қайта қоңырау шалып, Сізге қажетті сервистерді жылдам пайдалануға көмектеседі.

Тәулік бойғы БТА24 онлайн-бөлімшесі ұялы және стационарлы телефон байланысы, кабельді телевизия қызметтерінің әр алуан жеткізушілерінің, қалалық коммуналдық қызметтердің, қаржылық ұйымдардың және білім беру мекемелерінің пайдасына төлемдер жүргізу бойынша кең мүмкіндіктер ұсынады. Бұдан өзге, мұнда салықтардың, айыппұлдардың, кедендік алымдардың, баж салықтарының және бюджетке төленетін өзге төлемдердің барлық түрлерін төлеуге болады.

Егер Сіз БТА Банкінде депозит ашсаңыз не болмаса кредит алсаңыз, онда БТА24 арқасында кез келген уақытта өзіңіздің жинақтарыңыздың мөлшерін нақтылай аласыз немесе берешекті өтеу кезектілігімен таныса аласыз. Сондай-ақ осы жерде өзіңіздің банктік карточкаңыз арқылы депозиттік шотты толықтыра аласыз, өз карточкаларыңыздың арасында және БТА Банкінің басқа клиенттерінің карточкаларына ақша аудара аласыз.

Сіздің БТА24 онлайн-бөлімшесіндегі операцияларыңыз туралы барлық ақпарат арнайы журналда сақталады және қажет болған жағдайда Сіз әрқашан белгілі бір уақыт кезеңіндегі өзіңіздің төлемдеріңіз бен аударымдарыңыздың тарихымен таныса аласыз.

Онлайн-өтінімдер сервисінің көмегімен Сіз банк бөлімшелеріне бару уақытын азайта аласыз. Енді депозит ашу, кредит алу немесе карточка ресімдеу үшін алтын уақытыңызды жолға және кезекке жұмсаудың қажеті жоқ. Енді үйден шықпастан – БТА24 онлайн-бөлімшесі арқылы банктік өнімдердің шарттарымен танысуға, қажетті құжаттардың тізімін нақтылауға және онлайн-өтінімді беруге болады.

Сіздің өтініміңізді алғаннан кейін Байланыс орталығының операторы Сіз белгілеген уақытта қайта қоңырау шалады, Сізге кез келген банктік өнім бойынша кеңес береді, банкке келу үшін өзіңізге ыңғайлы уақытты және бөлімшені таңдауды ұсынады. Осыдан кейін Сіз өтініміңіздің көрсетілген мекенжайға түскеніне және білікті мамандар белгіленген уақытта Сізді күтетініне толық сенімді бола аласыз. Ең бастысы – ешқандай кезек жоқ!

Тәулік бойғы БТА24 онлайн-бөлімшесіне кез келген адам кіре алады, ол үшін жүйеде тіркелу талап етілмейді. БТА Банкінің өнімдері мен қызметтерінің шарттары және сипаттамасы, тәулік бойғы электрондық кеңестер және онлайн-өтінімдердің сервисі баршаға қол жетімді.

Ал қаржылық операцияларға қол жеткізу үшін жүйеде тіркелу қажет. Тәулік бойғы онлайн-бөлімшенің клиенті болу өте оңай: егер Сіз бұған дейін BTA Network Интернет-банкинг жүйесінде тіркелген болсаңыз, онда БТА24 өзіңіздің есептік деректеріңізбен (логин және пароль) кіре аласыз. Ал егер Сіз BTA Network тіркелмесеңіз, онда Сіз БТА24 оп-оңай онлайн тіркеле аласыз – ол үшін БТА Банкінің кез келген төлем картасының иесі болуыңыз қажет және банкоматта карточкаңызға қызмет көрсету кезінде соңғы чекті сақтап қойыңыз.

Тәулік бойғы БТА24 онлайн-бөлімшесін іске қоса отырып, біз оны сіздің жеке қаражаттарыңызды басқарудың барынша қарапайым, ыңғайлы және қауіпсіз әдісі ретінде жасауға тырыстық, бұл үмітіміз ақталды деп сенеміз. Егер Сізде осы сервистің жұмысын жақсарту туралы ұсыныстарыңыз болса, оларды келесі мекенжай бойынша бағыттасаңыз болады: info@bta24.kz.

БТА24. Банк қол жетім жерде!