Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінде WESTERN UNION аударымдары: Қытайға тарифтер арзанырақ!

06.06.2012

Қытайға ақша аударатындар немесе Қытайдан ақша алатындар үшін жақсы жаңалық. Western Union компаниясы клиенттеріне жаңартылған, АҚШ долларында, ұлттық валюта – теңгеде ақша аударымдарының төмен тарифтерін ұсынады. Соның ішінде, «Қазақстан – Қытай» бағыты бойынша 2000 АҚШ доллардан астам немесе 300 000 теңге сомасында ақшаны аудару кезінде аударым үшін төлем бар болғаны 50 АҚШ долларды немесе сәйкесінше 7500 теңгені 1 құрайды.

Осыған орай, БТА Банкі Қазақстандағы кеңінен тараған филиал желісіне ие – бүкіл республика бойынша 220 астам бөлімше Western Union аударымдарын қабылдайды және жібереді. Ал, Алматы және Астана сияқты қалалардағы кейбір бөлімшелер тәулік бойы Western Union ақша аударымдарын жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсетеді!

Western Union компаниясының Қытайда 33 000 астам қызмет көрсету орындарына ие екендігін ескерсек, өзіңіздің жақындарыңызға немесе таныстарыңызға ақшаны қолма-қол берген секілді Қытайға ақша аудару да дәл солай сенімді әрі оңай.

Western Union ақша аударымдары – бұл:

  • Жылдамдық

    Сіздің ақша аударымыңыз оны жібергеннен кейін бірнеше минуттан 2 соң белгіленген орында төлеуге қол жетімді болады. Western Union Money Transfer® ақша аудару жүйесі клиенттерге Қазақстандағы 1600 астам кез келген қызмет көрсету орындарынан ақшаны жылдам, ыңғайлы әрі сенімді алуға мүмкіндік береді.

  • Сенімділік

    Әрбір жіберу кезінде ақша аударымына бірегей он санды бақылаулы нөмір (АҚБН) беріледі, бұл Western Union жүйесінде транзакцияны қадағалауға мүмкіндік береді. Ақша аударымның бақылаулы нөмірі жіберушімен транзакцияны алушыға хабарланатын құпиялы ақпарат болып табылады.

    Миллиондаған адамдар, отбасы мен туыстарын қолдау немесе ойластырылмаған жағдайларда саяхатшыға көмек көрсету үшін Western Union аударымдарын пайдаланады.

  • Ыңғайлылық

    Шамамен 500 000 Western Union бөлімшесі әлемнің 200 астам елінде банктік шот ашпастан аударымдарды жіберуге және алуға мүмкіндік береді. Қалауыңызша аударыммен бірге мәтіндік мәлімет жіберудің қосымша қызметін пайдалана аласыз. Аударымды ресімдеу жылдам әрі оңай жүзеге асырылады.


1 Western Union алатын елдегі бағам мен Western Union бағамы арасындағы айырманы ұстап қалады.

2 Қызмет көрсету шарттарына сәйкес аударым сомасына, белгіленген елге, валютаға, заңнамаға, дербес сәйкестендіруге, қызмет көрсету орнының жұмыс сағатына, сағат белдеуінің айырмашылығына немесе басқа қолданыстағы шектеулерге қатысты белгілі талаптарды ескеру қажет.