Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі әлемнің ірі банкі – Қытай Сауда-Өнеркәсіптік Банкінде юань валютасында корреспонденттік шот ашты

18.06.2012

Алматы, 2012 жылғы 18 маусым - «БТА Банкі» АҚ және активтерінің көлемі бойынша әлемдегі ең ірі банк – Қытай Сауда-Өнеркәсіптік Банкі (ICBC), «ICBC Almaty» Еншілес банкінде БТА Банкінің корреспонденттік шотын ашу туралы келісті. Шартқа қол қою салтанаты Алматы қаласында 18 маусымда өтті. БТА Банкінің атынан құжатқа Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Асхат Бейсенбаев, ал ICBC атынан – «Алматы қ. Қытай Сауда-Өнеркәсіптік Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Чэнь ЮйБао қол қойды.

Қытай юані мен АҚШ долларындағы корреспонденттік шот қытай серіктестері мен қазақстандық кәсіпкерлер арасындағы жұмысты маңызды жеңілдетеді және сәйкесінше, екі елдің арасындағы тауар айналымының өсіміне ықпал етеді.

«Бүгіннен бастап отандық бизнесмендер – БТА Банкінің клиенттері шарт жасау мүмкіндігіне ие болады және көршілес осы елдің ұлттық валютасы - юаньмен Қытайда транзакцияларды жүзеге асыра алады. Біздің серіктес – Қытай Сауда-өнеркәсіптік Банкінің – бүкіл ҚХР филиал желісінің кеңінен таралғандығы өте маңызды. Бұл біздің клиенттерге қытай бағытында сыртқы экономикалық қызметтің маңызды артықшылықтарын ұсынады. Біздің Банктің тұрақты клиенттері БТА әрдайым ең тиімді әрі ыңғайлы қызмет көрсету шарттарын ұсынуға ұмтылатындығын жақсы біледі. Бүгінгі шартқа қол қою – осының көрнекі растамасы» - деп атап өтті Асхат Бейсенбаев қол қою барысында.

Өз кезегінде, «ICBC БТА Банкімен орнатқан серіктестік қатынастарын өте жоғары бағалайды және қазақстандық бизнестің ашылатын жаңа мүмкіндіктеріне өте қуанышты. Біздің Қазақстандағы жұмысымыздың мақсаты – екі елдің сауда байланысын нығайту, жемісті әрі өзара тиімді ынтымақтастық арқылы біздің елдің экономикалық әлеуетін арттыру. Бүгінгі келісімді жасау – біздің екі банк үшін ғана емес, сонымен қатар біздің елдегі сыртқы экономикалық қызметтің барлық қатысушылары үшін де маңызды оқиға. Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері арасында серіктестік қатынастарын дамыту шекараның екі жағындағы тауар мен қызметтер өндірісін арттыруға ықпал етеді және екі елдің халқының игілігі үшін қызмет етеді – деп атап өтті ICBC Almaty Директорлар кеңесінің Төрағасы Чжан ЧунЛэй».

Анықтама:

Қытай Сауда-Өнеркәсіптік Банкі (Industrial and Commercial Bank of China) 1984 жылы құрылған, 2011 жылғы қызметтерінің нәтижелері бойынша Қытайдағы және бүкіл әлемдегі банктер арасында активтері бойынша бірінші орынға ие (2011 жылдың соңында активтер 2,5 триллион АҚШ долларды, меншік капиталы – 200 миллиард АҚШ долларды құрады). ICBC 375 мыңнан астам жұмыс істейді, Қытай Сауда-Өнеркәсіптік Банкі Қытайдың банк секторының бесінші бөлігін бақылайды, Қытайда 18 000 астам бөлімшелер және 34 елде 244 бөлімшелер, соның ішінде Қазақстанда - Еншілес Банкі - «Алматы қ. Қытай Сауда-Өнеркәсіптік Банкі» АҚ қызмет етеді. Қазақстан Республикасының нарығында Қытай Сауда-Өнеркәсіптік Банкі 1993 жылдан бері қызмет етеді.

БАҚ арналған байланыстар:

БТА Банкі
Тел.: +7(727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
Website: www.bta.kz