Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Құрметті клиенттер!

26.06.2012

Енді Сіздер Банктің SMS-банкинг қызметіне дербес жазыла аласыздар!

Ол үшін Сіз Интернет-банкинг жүйесінің тіркелген пайдаланушысы болуыңыз қажет және БТА Банкінен SMS-банкингке қарапайым жазылу процедурасынан өтуіңіз керек.

SMS-банкингтің көмегімен:

  • төлем карточкалары бойынша операциялар туралы SMS-хабарламаларды алуға (нотификациялау қызметтері: жалақының түсуі, қолма-қол ақшаның алынуы, тауарлар мен қызметтердің төленуі, ақшаның аударылуы)
  • 5111 қысқа нөміріне SMS-хабарлама жіберу арқылы өз сұрауыңыз бойынша ақпарат алуға (депозиттегі және ағымдағы шоттағы ақша қалдығы, кредит бойынша берешек, ағымдағы валюта бағамдары, БТА Банкінің банкоматтары мен бөлімшелерінің мекенжайлары)
  • байланыс қызметтерін төлеуге: Beeline, Kcell, Activ, Dalacom, Pathword, City, Tele2, «Қазақтелеком»
  • карточканы шұғыл түрде шектеуге
  • карточкадағы авторизацияланған лимитті арттыруға болады.

Тарифтер

Егер сіз нотификациялау қызметін қосатын болсаңыз (карточка бойынша барлық транзакциялар туралы ақпаратты алу), SMS-банкингті пайдаланғаны үшін ай сайынғы абоненттік төлем 250 теңгені құрайды.