Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі мен Visa-ның ортақ акциясының бас жүлдесінің – Лондон Олимпиадасына жолдама иегері анықталды

09.07.2012

Құрметті клиенттер – Visa жүйесінің БТА Банкінің төлем карточкаларының ұстаушылары!

БТА Банкі мен Visa Халықаралық төлем жүйесінің «Бүкіл әлем сенімен бірге» ортақ акциясының қорытындысы жасалғандығын хабарлаймыз. Акцияның бас жүлдесі – Лондондағы жазғы Олимпиада ойындарына екі жолдаманы – Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті болашақ қаржыгер Ернар Кешубаев ұтып алды.

29 маусымда БТА Банкі Қарағанды филиалының директоры Кайрат Алимкулов бас жүлдені акцияның абсолютті жеңімпазына салтанатты түрде табыс етті. «Банктік карточканың артықшылықтары даусыз, – деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде Кайрат Алимкулов. – Оның көмегімен БТА-ның кез келген бөлімшесінен қолма-қол ақша алу және тәулік бойы банкоматтар арқылы ақша алу, коммуналды қызметтерді және байланыс қызметтерін төлеу, бутиктерде және супермаркеттерде сауда жасау, өзіңіздің қаржыларыңызды қашықтан басқару мүмкіндіктеріне ие бола аласыз. БТА-ның төлем карточкасына жалақы алу немесе ол бойынша кредитті төлеу арқылы сіз кезекте тұрмай, уақытта үнемдейсіз. Мені ҚарМУ студенті Кешубаев Ернардың 2012 жылғы Олимпиада ойындарына жолдаманы ұтып алғандығы және Лондонның спорт ареналарында біздің спортшыларға қолдау көрсететіндігі қуантады».

Ернар Кешубаев БТА Банкінің карточкасын бес жылдан бері пайдаланады. Онымен қажетті сатылымдарды төлейді, сондай-ақ, карточка ақшаны сақтаудың ыңғайлы тәсілі деп санайды. «Ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырғанда, ақша су сияқты тез жұмсалып кетеді. Оны карточкада сақтаған дұрыс! Сыйлыққа қатысты айтарым – алғаш естігенде таңқалдым, тіпті, жеңімпаз болғаныма сенбедім, бірақ БТА Банкімен жүргізілетін акциялар жайлы жиі еститінмін. Расында, БТА-ның төлем карточкасын пайдалану өте ыңғайлы, оған қосымша осындай керемет тосынсый. Банкке алғысымды білдіремін. БТА-ның арқасында Олимпиада ойындарында Қазақстанды қолдау үшін Лондонға баратын болдым!» – деп өз тәжірибесімен бөлісті Ернар.

«Бүкіл әлем сенімен бірге» акциясы 15 наурыздан 15 мамырға дейін жалғасты. БТА Банкімен шығарылған Visa төлем карточкасының кез келген ұстаушысы акцияның қатысушы атанды. Акцияның шарты бойынша карточканың көмегімен қандай да бір сатылымды немесе қызметті төлеу қажет болатын. Осыдан кейін кездейсоқ сандар әдісімен компьютер карточка нөмірі бойынша жеңімпаздарды анықтады.

Бас жүлде – Лондонға жолдама жүлдесімен қатар, Visa Халықаралық төлем жүйесімен акция аясында БТА Банкінің 230 ақшалай сыйлықтары ойнатылды:

  • 20 000 теңгеден 30 сыйлық;
  • 10 000 теңгеден 70 сыйлық;
  • 5 000 теңгеден 130 сыйлық.

Ақшалай сыйлықтар ұтысының қорытындылары (аймақтарға бөлінген)

БТА Банкі филиалы Жеңімпаздар саны
Алматы 84
Астана 43
Жамбыл 4
Қостанай 5
Ақсай 6
Қызылорда 7
СҚФ 4
Екібастұз 3
ШҚФ 7
Ақтөбе 18
Талдықорған 1
Атырау 8
Қарағанды 14
Павлодар 5
Құлсары 2
Семей 5
ОҚФ 3
Жезқазған 2
БҚФ 1
Теміртау 2
Көкшетау 2
Маңғыстау 4