Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің қайта құрылымдау процесі Ұлыбританияда қабылданды

12.07.2012

Алматы. 2012 жылғы 12 шілде – «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) Алматы қ. Мамандандырылған Экономикалық Сотында Банкке қатысты басталған қайта құрылымдау процесінің негізгі шетелдік өндіріс ретінде танылғандығын хабарлайды.

Қайта құрылымдау процесін тану туралы бұйрық 2006 жылғы Трансшекаралық қабілетсіздік туралы ережелерде мазмұндалған Трансшекаралық қабілетсіздік жөніндегі ЮНСИТРАЛ үлгілі заңына сәйкес 2012 жылғы 11 шілдеде Англия мен Уэльстің Жоғарғы Сотымен қабылданды.

Осы қабылдау Банктің ағымдағы қайта құрылымдау процесінің бір бөлігі болып табылады және қайта құрылымдау процесінің Банк активтеріне қатысты талаптар бойынша туындауы мүмкін қандай да бір кедергілерсіз ілгерілеуіне мүмкіндік береді, себебі, Банк Ұлыбританияда:

  1. Банктің активтеріне, құқықтарына немесе міндеттемелеріне қатысты жеке әрекеттердің немесе жеке өндірістердің басталуынан немесе жалғасуынан;
  2. Банк активтеріне қатысты атқару істерінен қорғалады.

БАҚ арналған байланыстар:
тел. +7(727) 312 28 47
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz