Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі – Cash&Pay терминалдары арқылы жүргізуші айыппұлдарын төлеу бірегей қызметін ендірді.

02.08.2012

БТА Банкі өз клиенттеріне Cash&Pay төлем терминалдарында іске асырылған Жол Қозғалысы Ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлеу жаңа қызметін ұсынады. Қазақстанда осыған ұқсас функционал алғаш рет енгізілді. Аталмыш қызметті жүзеге асыру «Ұлттық Ақпараттық Технологиялар» АҚ бірігіп жүргізілді.

Аталмыш жобаның бірегейлігі автоәуесқойлар Жол полициясы басқармасына және банк бөлімшесіне бармай жүргізуші айыппұлдарын төлей алатындығы болып табылады. Айыппұлды төлеу бойынша барлық процедураны Cash&Pay банктік төлем терминалының көмегімен нақты уақыт режимінде жүзеге асыруға болады. Жүргізуші куәлігінің нөмірі, автокөлік нөмірі және техникалық төлқұжат нөмірі немесе ұсынылған хаттама нөмірі бойынша клиентке бұзушылық тізімін және белгіленген әкімшілік айыппұл сомаларын ұсынады, сонымен қатар белгіленген айыппұл шотына төлемді қабылдайды. Осыған орай, төленген айыппұл сомасы жол полициясының деректер базасында сол сәтте көрсетіледі.

«БТА Банкі» АҚ Қазақстан Республикасының азаматтарына электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсынуға бағытталған мемлекеттік жобаларды іске асыруға белсенді қатысады. Cash&Pay төлем терминалдарының көмегімен Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды төлеу мүмкіндігі аталмыш бағдарлама аясындағы БТА Банкімен іске асырылған жобалардың бірі болып табылады.

«БТА Банкі» АҚ Сату арналары және төлем карточкалары департаменті