Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«Арманыңның кілті» кредиттік акциясы

06.08.2012

Құрметті клиенттер!

БТА Банкі халыққа арналған «Арманыңның кілті!» теңдессіз акциясының басталғандығы туралы жариялайды. Акция кез келген тұтынушылық заемдарға таралады және жедел кредиттеу рәсіміне негізделген. Кредиттеуді тездетуге не себеп болмақ? Өйткені, тек акция кезеңінде БТА клиенттеріне бірегей қызмет – заемшының қаржылық мүмкіндіктерін алдын ала талдау ұсынылады. Бізден қалтаңыз қандай кредитті көтеретінін біліңіз, - және ақшаңызды жылдам алыңыз!

Бұл қалай жұмыс істейді (ипотека мысалында)

1-қадам: БТА-ның жақын маңдағы бөлімшесіне келіп, қандай сомадағы кредитті ала алатыныңызды білесіз. Бұл шашамен 30 минутқа созылады. Құжаттарыңыздан өзіңізбен бірге жеке куәлік, СТТН және ЖЗҚ алынған соңғы 6 ай үшін жеке шотыңыздың күйі туралы үзіндіні алып келсеңіз болғаны.

2-қадам: 30 күннің ішінде сатып алғыңыз келетін үйді немесе пәтерді табасыз.

3-қадам: Тәуелсіз бағалаушыда үйді/пәтерді бағалайсыз.

4-қадам: Қажетті құжаттарды* ұсынып, Банкте қысқа мерзімнің ішінде кредит ресімдейсіз, осыдан кейін өзіңіз таңдаған жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын жасайсыз.

* соның ішінде: сатып алынатын жылжымайтын мүліктің құжаттары;
жылжымайтын мүлік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар;
жылжымайтын мүлік иесінің ағымдағы отбасылық жағдайы туралы құжаттар;
жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есеп.

Дәл солай 20-30 минуттың ішінде автомобиль сатып алу үшін қандай сома ала алатыныңызды білесіз және 30 күннің ішінде өзіңізге лайықты машинаны іздейсіз.

Акция аясында Сізге бірегей кредиттеу шарттары ұсынылатын болады:

Кредиттеу бағдарламасы Ипотека Кредиттік желі Жедел кредит Автокредит
Кредит/желі сомасы 148 000 000 теңгеге дейін 3 000 000 теңгеге дейін 200 000 USD дейін
Кредиттеу мерзімі 540 айға дейін зейнетақы жасына жеткенге дейін 60 айға дейін 84 айға дейін
Сыйақының жылдық тиімді ставкасы 12,77% басталады 16,29% басталады 24,78% басталады 16,88% басталады
Кірістер туралы анықтама талап етілмейді**
Басқа банктерде алынған кредиттерді қайта қаржыландыру жеңілдетілген ставка бойынша қарастырылмаған

** төлем қабілеттілігі міндетті түрде бағаланады

«Арманыңның кілті» акциясына қатысыңыз – БТА Банкінен қалтаңыз қандай кредитті көтеретінін біліңіз!

Акция мерзімі шектеулі!

Уақытыңызды үнемдеу үшін Интернет-банкингтің және Байланыс орталығының қызметтерін пайдаланыңыз. Олардың көмегімен Сіз ипотеканы, автокредитті, жедел кредитті немесе кредиттік желіні ресімдеу үшін онлайн-өтінімді оңай бере аласыз.

Өтініміңізді алғаннан кейін Байланыс орталығының операторы Сіз белгілеген уақытта Сізге қайта қоңырау шалады, кез келген банктік өнім бойынша кеңес береді, банкке келу үшін өзіңізге ыңғайлы уақытты және бөлімшені таңдауды ұсынады. Осыдан кейін өтініміңіздің көрсетілген мекенжайға келіп түскеніне және белгіленген уақытта білікті мамандар Сізді күтетініне толық сенімді бола аласыз.

БТА Банкінің кредиттері. Жеке қызмет көрсету, жедел шешім!