Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Кипр соты Мұхтар Әблязовтың көмекшісі Пол Китреотисті бас бостандығынан айыру және сот залында қамауға алу туралы үкім шығарды

10.08.2012

Алматы, 2012 жылғы 10 тамыз – Кипр соты БТА Банкі Директорлар кеңесінің экс- төрағасы Мұхтар Әблязовтың сыбайласы Ұлыбритания азаматы Пол Китреотисті сотқа құрметсіздік танытқаны үшін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Үкімнді орындау мақсатында Китреотис мырза сот залында қамауға алынды.

Әблязов мырзамен бірге Китреотис мырза БТА Банкімен (әрі қарай – Банк) бастама көтерілген және Англияның Жоғарғы сотымен қарастырылып жатқан 295 млн. АҚШ доллар сомасындағы сот ісі бойынша айыпталушылардың бірі болып табылады. Осы сот процесі аясында қамауға алынған Китреотис мырза Әблязов мырзаның алғашқы көмекшілерінің бірі екендігін атап өту қажет.

Кипр сотының осы шешімі Англияның Жоғарғы соты Китреотис мырзаны сотқа құрметсіздік танытқаны үшін 21 айға түрмеге қамау туралы үкім шығарғаннан кейін қабылданған болатын, бірақ Китреотис мырза Англияға қайтып оралудан бас тартқандықтан, Англияның Жоғарғы соты осы шешімнің орындалуын қамтамасыз ете алмады. БТА Банкінің пікірі бойынша, Кипр сотының Китреотис мырзаға қатысты үкім шығаруы Банкпен сот тәртібімен қайтарып алуға тырысқан активтердің жұмсалуын алдын алу процесінің маңызды қадамы болып табылады.

«Біз Әблязовтың басты сыбайластарының бірін қамауға алу туралы Кипр сотының бүгінгі шешімін қуана құптадық. Біз Әблязов пен оның сыбайластарының активтерді заңсыз жасыру және жұмсау сұлбасын бұзу үшін осы сот шешімдеріне қол жеткіздік. Банк алаяқтық әрекеттерге тартылған, сонымен қатар БТА-дан қолды болған ақша мен активтерді жасыруға қолдау көрсеткен барлық тұлғалардан шығындардың өтелуін талап етуге ниетті», – деп хабарлады Банктің Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі Павел Просянкин.

Активтерді халықаралық тоқтату туралы шешім аясында, Сот 2010 жылғы 29 шілдеде Китреотис мырзаға 68 286 517 АҚШ доллар сомасындағы өзінің активтері туралы толық ақпаратты, сонымен қатар Банктің мәлімдеуі бойынша заңсыз шығарылған 295 млн. АҚШ доллар туралы толық ақпаратты ұсынуды талап етті. Нәтижесінде Пол Китреотис нақты ақпаратты жариялай алмады және Сотқа жалған ақпарат ұсынғандығын мойындады. Осының салдарынан Англияның Жоғарғы соты оны сотқа құрметсіздік танытқаны үшін кінәлі деп тауып, түрмеге қамау туралы үкім шығарды. Алайда, Китреотис мырза Кипрде болғандықтан, сот шешімі жүзеге аспады. Сондықтан Банк Кипрде Китреотис мырзаға қатысты сот ісінің жүргізілуіне қол жеткізді.

БАҚ арналған байланыс:

+7(727) 266 47 99, 266 43 22
pr@bta.kz
www.bta.kz