Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Назар аударыңыз: «Борышсыз басқар!» акциясы

14.08.2012

Құрметті клиенттер!

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Борышсыз басқар» акциясының өткізілетіндігі жайлы хабарлайды. Акцияның мақсаты тұрғындар арасында Жол қозғалысы ережелерін бұзғандығы үшін айыппұлдарды www.eGov.kz «электронды үкімет» порталы не болмаса БТА Банкінің төлем терминалдары арқылы төлеу мүмкіндігін беретін жаңа қызметті насихаттау болып табылады.

Акцияның шарттары бойынша, 25 шілдеден бастап 8 қыркүйек аралығында жоғарыда көрсетілген әдіспен айыппұл төлеген әрбір азамат сыйлық алады – автомобильге арналған сәнді саптыаяқ-термос (бір төлеушіге бірден артық сыйлық берілмейді). «Электронды үкімет» порталы арқылы айыппұл төлегенде, Сіз төлем туралы чекті басып шығаруыңыз қажет, содан кейін оны төменде берілген ХҚО тізіміндегі «электронды үкімет» бұрыштарының бірінде сыйлыққа айырбастауыңыз қажет. Айыппұлды БТА Банкінің төлем терминалдары арқылы төлеген жағдайда, сыйлық алу үшін Сіз ХҚО терминал басып шығарған сәйкесінше түбіртекті ұсынуыңыз қажет.

Акция бүкіл Қазақстан бойынша өтеді.

«Борышсыз айда!» акциясы бойынша сыйлықтар берілетін ХҚО тізімі

Қала ХҚО филиалы Мекенжайы Жұмыс уақыты:
дүйсенбі – сенбі
1 Алматы Алматы қ.бойынша «ХҚО» РМК филиалының Бостандық аудандық бөлімі Алматы қ., Алмагүл ы/а, 9 А 9:00 - 20:00 (үзіліссіз)
2 Астана «Астана қ. ХҚО» РМК филиалының Сарыарқа аудандық бөлімі Астана қ., Республика д-лы, 43 9:00 - 20:00 (үзіліссіз)
3 Көкшетау «Ақмола облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы Көкшетау қ., Әуезов к-сі, 189а 9:00 - 20:00 (үзіліссіз)
4 Ақтөбе «Ақтөбе облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы Ақтөбе қ., Тургенев к-сі, 109 9:00 - 20:00 (үзіліссіз)
5 Талдықорған «Алматы облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы Талдықорған қ., Тәуелсіздік к-сі, 67 Б 9:00 - 20:00 (үзіліссіз)
6 Атырау «Атырау облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы Атырау қ., Сәтбаев к-сі, 23 9:00 - 18:00 (түскі үзіліс 13:00 - 14:00)
7 Өскемен «Шығыс Қазақстан облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы Өскемен қ., Белинский к-сі, 37 А 9:00 - 20:00 (үзіліссіз)
8 Тараз «Жамбыл облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы Тараз қ., К.Қойгелді к-сі, 158а 9:00 - 20:00 (үзіліссіз)
9 Орал «Батыс Қазақстан облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы Орал қ., Жамбыл к-сі, 81/2 9:00 - 20:00 (үзіліссіз)
10 Қарағанды «Қарағанды облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы Қарағанды қ., Мұқанов к-сі, 5 9:00 - 20:00
11 Қостанай «Қостанай облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы Қостанай қ., Таран к-сі, 114 9:00 - 20:00 (үзіліссіз)
12 Қызылорда «Қызылорда облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы Қызылорда қ., Мұратбаев к-сі, 2 Е 9:00 - 18:00 (түскі үзіліс 13:00 - 14:00)
13 Ақтау «Маңғыстау облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы Ақтау қ., 15-ы/а, 67 Б 8:00 - 20:00
14 Павлодар «Павлодар облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы Павлодар қ., Павлов к-сі, 48 9:00 - 20:00 (үзіліссіз)
15 Петропавл «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы Петропавл қ., Әуезов к-сі,157 9:00 - 20:00 (үзіліссіз)
16 Шымкент «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы Шымкент қ., М. Қожа к-сі, н/ж 9:00 - 20:00 (үзіліссіз)