Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің қайта құрылымдау процесі АҚШ-та қолдау тапты Қайта құрылымдауды аяқтау мерзімі ұзартылды

20.08.2012

Алматы, 2012 жылғы 20 тамыз. – Бүгін, БТА Банкі (әрі қарай – «Банк») Алматы қ. мамандандырылған экономикалық сотында Банкке қатысты басталған қайта құрылымдау процесінің Америка Құрама Штаттарында негізгі шетел іс жүргізу ретінде қолдау тапқандығы жайлы хабарлады. Бұл 2012 жылғы 16 тамызда «Банкроттық туралы АҚШ заңының» 15-тарауына сәйкес Нью-Йорк қаласының Оңтүстік округінің қаржылық қабілетсіздік істері бойынша АҚШ сотының бұйрығы негізінде қолдау тапты.

Осы қолдау Банктің қайта құрылымдау процесінің жалғасымды бөлігі болып табылады және Банкке немесе АҚШ аумағындағы оның мүлкіне қатысты кез келген істерге қолданылады. АҚШ сотының аталмыш бұйрығы 2012 жылғы 11 шілдеде Ұлыбритания аумағында Банкті қайта құрылымдаудың сәтті қолдау табуына байланысты қабылданғандығын атап өту қажет.

Сондай-ақ, Банк Алматы қ. Мамандандырылған экономикалық соты Банк және оның кредиторлары арасында жалғасып жатқан келіссөздерді назарға алып, қайта құрылымдау процесінің аяқталуын 2012 жылғы 20 желтоқсанға дейін ұзартқандығын хабарлау қажет деп санайды.

БАҚ арналған байланыстар:

+7(727) 266 43 22
pr@bta.kz
www.bta.kz