Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Карточкамен төлеп, сыйлық ұтып алу мүмкіндігі

27.08.2012

Жазғы демалыстар мен каникулда сапарға шыққан кезде, ең бастысы - БТА Банкінің Visa төлем карточкасын ұмытпау қажет. Осы ұранды Visa компаниясының қолдауымен өткізілген ынталандыру акциясының жеңімпаздары болған БТА Банкінің Қарағанды филиалының клиенттері Наталья Катели және Елена Правдина ұстанған еді.

Акцияға қатысу үшін 1 сәуірден бастап 30 маусым аралығында Visa Gold карточкасымен төлем жүргізу қажет еді. Міне, көптен күткен нәтиже: екі саяхатшы Қарағандыдағы үйлеріне оралған кезде, оларды бағалы сыйлықтар – планшет пен смартфон күтіп тұрды. Сыйлықтарды беру рәсімінде филиалдың Бөлшек бизнес жөніндегі директорының орынбасары Ержан Нашаров жеңімпаздарды құттықтап, БТА Банкімен ынтымақтастықтарын ұзақ уақыт бойы жалғастыра беруін тіледі.

Осыған орай, клиенттердің өз пікірлерін тыңдасақ:

Наталья: «Мен смартфон ұтып алғанымды білгенде, шетелде жүрген болатынмын, осы хабарды естігенде, менің қуанышымда шек болмады. БТА-ның Visa карточкасымен өзімді берік қорғанда жүргендей сезінемін – қарапайым, жайлы, тиімді, ал енді, ұтып алған сыйлығыммен екі есе тиімдірек бола түсті. Мен БТА Банкінің қызметтерін бұрыннан пайдаланып келемін, барлығыңызды осы банктің клиенті болуға шақырамын!».

Елена: «Visa карточкасымен сатып алған заттарды төлеп жүргенімде, мен сыйлықтар туралы ойлаған емеспін. Өйткені, бұл ыңғайлы, қауіпсіз және тиімді. Мен БТА Банкіне төлем карточкаларына тамаша қызмет көрсету сервисі үшін үлкен алғысымды білдіремін. Планшет менің тұрақты жолдасыма айналмақ, оның көмегімен мен БТА-ның интернет-банкинг жүйесінің белсенді пайдаланушысы боламын деп ойлаймын. БТА Банкіне тағы да үлкен рахмет!».