Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің қайта құрылымдау процесі Украина аумағында қолдау тапты

19.09.2012

Алматы, 2012 жылғы 19 қыркүйек – Бүгін, БТА Банкі (әрі қарай – «Банк») Алматы қ. Мамандандырылған экономикалық сотында Банкке қатысты басталған қайта құрылымдау процесінің Украина аумағында қолдау тапқандығын хабарлайды. Осы қолдауға Банк Киев қаласының Соломенск аудандық сотының (әрі қарай – Сот) бұйрығына сәйкес 2012 жылғы 31 тамызда қол жеткізді және Украина аумағында келесі әрекеттердің орындалуын қамтамасыз етеді:

  • қайта құрылымдалатын қаржы міндеттемелері бойынша Банкке қатысты сот шешімдерінің орындалуын тоқтату;
  • осындай қаржы міндеттемелері бойынша Банк кредиторларының талаптарының Банкпен орындалуын тоқтату;
  • Банк кредиторлары тарапынан Украинадағы Банктің активтерін өндіріп алу айналысына тыйым салу.

Осы қолдау Банктің қайта құрылымдау процесінің жалғасымды бөлігі болып табылады және аталмыш Соттың бұйрығы Банктің қайта құрылымдауды тану туралы өтінішін 2012 жылғы 11 шілдеде және 16 тамызда қол жеткізген Ұлыбритания мен АҚШ-тың мақұлдауынан кейін өз жалғасын тапты.

БАҚ арналған байланыстар:

Тел.: +7(727) 266 43 22
pr@bta.kz
www.bta.kz