Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі 11,2 млрд. АҚШ доллар мөлшеріндегі берешекті қайта құрылымдаудың қаржы шарттары бойынша келісімге келді

03.10.2012

Алматы, 2012 жылғы 3 қазан – «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) мүдделі тұлғаларға кредиторлар алдындағы өзінің берешегін қайта құрылымдаудың қаржы шарттарын келісу барысында жетістікке қол жеткізгендігін хабарлайды. Банк және Nomura International басқа, Кредиторлар комитетінің көптеген мүшелері 11,2 млрд. АҚШ доллар сомасындағы берешекті қайта құрылымдаудың міндеттемейтін негізгі шарттарына келісті, бұл Банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қайта құрылымдау шарттары туралы хат Банктің www.bta.kz/en/investor ресми сайтында жарияланған.

Қайта құрылымдау нәтижесінде Банк Жоғары Облигацияларды, Қалпына келтіру Облигацияларын, Дисконтымен Арнайы Борыштық Құралдарды, сонымен қатар реттелген борыштың әртүрлі сыныптарын шегеретін кредиторлар алдындағы берешекті мүмкіндігінше төмендете алады. Кредиторлар олардағы борыштық құралдарды Жаңа Облигациялар пакетіне және қолма-қол ақшаға айырбастайды. Жаңа Облигациялардың номиналды құны жылдық 5,5% жартыжылдық купонмен және 2022 жылы бір реттік өтеумен 750 млн. АҚШ долларын құрайды. Өзінің Облигацияларының орнына Жоғары кредиторлар қолма-қол ақшамен 957,8 млн. АҚШ доллар және 88,8 млн. АҚШ доллар мөлшерінде Жаңа Облигациялар алады. Өз кезегінде, Қалпына келтіру Облигацияларының ұстаушылары қолма-қол ақшамен 660,2 млн. АҚШ доллар және 61,2 млн. АҚШ доллар мөлшерінде Жаңа Облигациялар алады. Дисконтымен арнайы борыштық құралдардың ұстаушылары 600 млн. АҚШ доллар сомасында жаңа облигациялар алады. Реттелген облигациялардың кез келген сериясына қатысты табыс етілетін немесе төленетін қайта құрылымдау аясындағы қалпына келтіру сомасы және нысаны (болған жағдайда) Банкпен анықталады, бірақ басқа кредиторларға төленетін өтеу көлемі өзгертілмейді немесе төмендетілмейді.

Сондай-ақ, Банк Сауданы Қаржыландыру бойынша Жаңғыртылатын Кепілдендірілген Кредиттік желі (RCTFF) аясында кредиторлармен келісімге келді. Осы келісім 348,2 млн. АҚШ доллар көлеміндегі RCTFF мерзімінің 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, кредиторлар RCTFF қолдану бойынша білікті критерийлерді өзгертуге келісті, бұл Банкке өзінің бизнес-жоспарына сәйкес жаңа әрі тиімді жобалардың қаржыландырылуын кеңейтуге мүмкіндік береді. RCTFF жаңа шарттарының қысқаша сипаттамасы Банктің ресми сайтында жарияланған хатта мазмұндалған.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-аухат қоры (әрі қарай – ҰӘҚ) Банктің бақылаулы акционері ретінде Банкте орнықтырылған депозиттерді оның капиталына айырбастау арқылы мәмілені қолдап отыр, бұл Банктегі ҰӘҚ акционерлік үлесінің артуына алып келеді. Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» Банкте актив ретінде орналасқан жеке облигациялар бойынша купон ставкасын көбейтеді, сонымен қатар Банкке Жаңа Облигациялар үшін реттелген 1,592 млрд. АҚШ доллар мөлшерінде пайыздық қарыз береді.

Ерік Балапанов, «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы қол жеткізген жетістікті былай деп мәлімдейді: «Біз, Кредиторлар Комитетімен жүргізілген жемісті келіссөздер нәтижесіне өте қуаныштымыз. Біз, әлемдегі үздік тәжірибелерге сәйкес жүргізілген келіссөздер нәтижесінде қайта құрылымдау шарттары бойынша келісімге келдік. Біз, осы Банктің қаржы берешегін қайта құрылымдау тұрақты және теңгерімді қаржы институты ретінде оның жұмысын қамтамасыз етеді деп есептейміз. 2012 жылдың соңында қайта құрылымдау аяқталады деп сенеміз».

Джозеф Свонсон, Houlihan Lokey компаниясының Еуропадағы қаржыны қайта құрылымдау бойынша ортақ басшысы, Кредиторлар Комитетінің қаржы кеңесшісі: «Барлық қол қоюшылар қайта құрылымдаудың негізгі шарттары бойынша келісімге келді. Сондай-ақ, олар RCTFF аясында қол жеткізген кредиторлардың келісіміне өте қуанышты, бұл БТА үшін де, барлық қазақстандық банктік секторлар үшін де жаңа сауда-саттық қаржыландыруға қол жетімділікті қамтамасыз етеді. Біз Банктің берешегін қайта құрылымдауды сәтті аяқтау үшін БТА-мен және оның кеңесшілерімен одан әрі жұмысымызды жалғасатырамыз».

Келіссөздер, сонымен қатар кешенді тексеру барысында Банк Кредиторлар Комитетіне және оның кеңесшілеріне өткен жылдың қаржы нәтижелерімен және жаңа бизнес-жоспармен қарастырылған болжамдар бойынша ақпараттың белгілі көлемін ұсынды. Бұл ақпарат Банктің бизнес-жоспарының және қаржы моделінің негізінде бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілік коэффициентін Базель ІІ нормативтері бойынша 10% артық көрсеткішке дейін қалпына келтіру қайта құрылымдаудан кейін мүмкін екендігін көрсетеді және аталмыш коэффициент одан әрі 2016 жылға дейін қарастырылған бизнес-жоспар аясында қамтамасыз етіледі.

Банктің қаржы кеңесшісі Lazard Frères компаниясы, заңды кеңесшісі – White & Case LLP болып табылады. Кредиторлар Комитетінің Қаржы кеңесшісі Houlihan Lokey компаниясы, заңды кеңесшісі – Baker & McKenzie болып табылады.

БАҚ арналған байланыстар:

Тел.: +7(727) 266 43 22
pr@bta.kz
www.bta.kz