Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі Қырғызстандағы еншілес банкіне бақылау жүргізуді қайтарады

17.10.2012

Алматы, 2012 жылғы 17 қазан – «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) 2012 жылғы 12 қазанда Бішкек қ. Ауданаралық соты қазақстандық БТА Банкіне тиесілі «БТА Банкі» ЖАҚ (Қырғыз Республикасы) акцияларының 71%-ын сату жөніндегі сауда-саттықты жарамсыз деп тану туралы Банктің талабын қанағаттандырғанын хабарлайды. Соттың шешімімен аталмыш акциялар пакеті Банктің меншігіне қайтарылуы тиіс.

Шешім Банктің пайдасына ұзақ уақытқа созылған сот тергеуінен кейін шығарылды. Жарамсыз деп танылған аталмыш сауда-саттық 2009 жылы өткізілген, нәтижесінде қазақстандық БТА Банкі Қырғызстандағы еншілес банкінің 35,5 млн акцияларынан айырылған болатын. Аталмыш сауда-саттық сотқа қарсы шешімді орындау мақсатында өткізілген еді, оған Банкке қатысты жоспарлы рейдерлік шабуыл себеп болды. Банктің сот актілеріне шағымдану бойынша қабылдаған шаралары және сот орындаушыларының іс-әрекеттері сол кезеңде ешқандай нәтиже бермеді, себебі рейдерлік схеманың ұйымдастырушылары үлкен қысым көрсеткен болатын.

2012 жылғы мамырда Қырғызстанда «БТА Банкі» ЖАҚ акцияларының 71% заңсыз иелену туралы қылмыстық істің қозғалуы – Банктің рейдерлік шабуылға ұшырағандығының нақты дәлелі. Банктің құқықтарын қалпына келтіру қажеттілігі туралы мәселе екі елдің ресми тұлғаларының әртүрлі жиындарында бірнеше мәрте көтерілген еді және осы шешімнің қабылдануы Қырғызстан үкіметінің даулы мәселелерді құқықтық жолмен шешуге ниетті екендігін растайды.

Бішкек қаласының Ауданаралық сотының шешімді Банктің пайдасына шығаруы Қырғыз Республикасының инвестицияларды қорғау бойынша бірқатар келісімдерге қол қою нәтижесінде өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауын куәландырады. Бұл Банктің Қырғызстандағы инвестициялық құқықтары таяу арада толық қалпына келеді деп үміттенуге негіз береді.

«Біз Бішкек сотының шешімін қоштаймыз және біздің талабымызды шынайы әрі әділ қарастырғандығына қуаныштымыз, - деп атап көрсетті «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы Әнуар Сәйденов. – Осы жерде жұмыс істеп жатқан шетелдік инвестор ретінде, біздің Қырғызстандағы заңды құқықтарымыз бен мүдделеріміз тиісті түрде қорғалғандығына разымыз».

БАҚ арналған байланыстар:

Тел.: +7(727) 266 43 22
pr@bta.kz
www.bta.kz