Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің қайта құрылымдау процесі Ресей Федерациясының аумағында қолдау тапты

22.10.2012

Алматы, 2012 жылғы 22 қазан – Бүгін, БТА Банкі (әрі қарай – «Банк») Алматы қ. Мамандандырылған қаржы сотында Банкке қатысты басталған қайта құрылымдау процесінің Ресей Федерациясы аумағында қолдау тапқандығын хабарлайды. Осы қолдауға Банк Мәскеу қаласының Төрелік сотының (әрі қарай – Сот) шешіміне сәйкес 2012 жылғы 15 тамызда қол жеткізді және Ресей Федерациясының аумағында келесі әрекеттердің орындалуын қамтамасыз етеді:

  • қайта құрылымдалатын қаржы міндеттемелері бойынша Банкке қатысты сот шешімдерінің орындалуын тоқтату;
  • осындай қаржы міндеттемелері бойынша Банк кредиторларының талаптарының Банкпен орындалуын тоқтату;
  • Банк кредиторлары тарапынан Ресей Федерациясындағы Банктің активтерін өндіріп алу айналысына тыйым салу.

Осы қолдау Банктің қайта құрылымдау процесінің жалғасымды бөлігі болып табылады және аталмыш Соттың шешімі Банктің қайта құрылымдауды тану туралы өтінішін 2012 жылғы 11 шілдеде, 16 тамызда және 31 тамызда қол жеткізген Ұлыбритания, АҚШ және Украинаның мақұлдауынан кейін өз жалғасын тапты.

БАҚ арналған байланыстар:

Тел.: +7(727) 266 43 22
pr@bta.kz
www.bta.kz