Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің қайта құрылымдау процесіндегі болашақтағы әрекеттері туралы

31.10.2012

Алматы, 2012 жылғы 31 қазан – «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – «Банк») ағымдағы жылдың 25 қазанында Қайта құрылымдау жоспарын қарастыру және шешімдерді қабылдау мақсатында Банкпен шығарылған келесі өтелмеген бағалы қағаздардың ұстаушыларына жиналыстар туралы жеке хабарламалар жібергендігін хабарлады:

  • 2018 жылы өтелетін Жоғары облигациялар;
  • 2021 жылы өтелетін Дисконтымен арнайы борыштық құралдар;
  • 2025 жылы өтелетін Реттелген облигациялар;
  • 2030 жылы өтелетін Реттелген облигациялар;
  • Қалпына келтіру облигациялары.

Облигация ұстаушыларының жиналысы 2012 жылғы 16 қарашада өткізіледі.

Сондай-ақ, Банк 2012 жылғы 2 қазанда оның және Кредиторлар комитетінің әртүрлі мүшелерінің арасында жасалған міндеттемейтін Қайта құрылымдаудың негізгі шарттарына сілтеме жасайды. Негізгі шарттар Реттелген облигация ұстаушылары үшін қайта құрылымдау аясындағы өтеу сомалары мен нысандарының Банкпен анықталуын қарастырады. Банк мүдделі тұлғаларға ағымдағы қайта құрылымдау барысында 2025 және 2030 жылдары өтелетін АҚШ долларына, еуроға және теңгеге ірілендірілген Реттелген облигация ұстаушыларының осындай облигациялардың негізгі номиналды сомасының 2,5% айырбастауды қарастыратын сомада Банктегі капиталға (жәй акциялар немесе Ғаламдық депозитарлық қолхаттар түрінде) ие болатындығын хабарлайды. Осындай ұстаушылардың қалған талаптары жойылады. Айырбастау коэффициентіне қатысты толық ақпарат Ақпараттық Меморандумда қамтылады. Аталмыш Ақпараттық Меморандум Банкпен 2012 жылғы қараша айының басында жарияланады.

Сондай-ақ, Банк Қайта құрылымдау жоспарын мақұлдау үшін дауыс беру мақсатында өзінің Қайта құрылымдау жоспарын ұсыну және акционерлердің, ҒДҚ және облигация ұстаушыларының қажетті әрекеттерін түсіндіру үшін Азияда, Еуропада және АҚШ-та инвесторлық жиналыстар өткізетіндігін хабарлайды. Банк өзінің акционерлеріне, ҒДҚ және облигация ұстаушыларына келесі кестеге сәйкес (өткізу уақыты және орны кешірек хабарланады) жиналыстарға қатысу (қажетті орналасу орнын көрсетумен) ниетін білдіру үшін мәліметтерді bta.roadshow@lazard.fr мекенжайына жіберуді ұсынады:

  • 2012 жылғы 5 қараша, дүйсенбі – Сингапур
  • 2012 жылғы 6 қараша, сейсенбі – Франкфурт
  • 2012 жылғы 7 қараша, сәрсенбі – Цюрих
  • 2012 жылғы 8 қараша, бейсенбі – Лондон
  • 2012 жылғы 9 қараша, жұма – Нью-Йорк

БАҚ арналған байланыстар:
БТА Банкі

Тел.: +7(727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz