Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Англияның Апелляциялық соты Әбілязовты қамауға алу туралы шешімін өз күшінде қалдырды, бұл БТА Банкінің сот дауларын жеделдетуге мүмкіндік береді

06.11.2012

Алматы, 2012 жылғы 6 қараша – БТА Банкінің (әрі қарай – Банк) Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбілязов бүгін Англияның Жоғарғы сотының (әрі қарай – Сот) екі негізгі шешімі бойынша жеңіліс тапты. Бірінші шешімге сәйкес Әбілязов Сотқа құрметсіздігі үшін 22 ай мерзімге қамауға алынуы тиіс болатын. Екінші шешім бойынша ол тиісті билік органдарына беріліп, өзінің активтері туралы ақпаратты жария етуі немесе Банкпен шағым жасалған 6 млрд. АҚШ доллар көлеміндегі сегіз талап-арыз бойынша қорғау құқығынан айырылуы талап етілген болатын. Банк, сот дауларындағы аталмыш жетістік Әбілязовтың Банктен заңсыз шығарған активтерін қайтаруы туралы мәселенің шешілуін жеделдетеді деп сенеді.

Әбілязовты қамауға алу туралы Сот шешімін естігеннен кейін оның осы жылдың ақпанында Англиядан шығып кеткендігі белгілі. Осыдан кейін Банк, Соттың Әбілязовқа қатысты екі шешім шығаруына қол жеткізді. Аталмыш шешімдер оның ағылшын билігіне берілуін және өзінің активтері жайлы ақпаратты жария етуін немесе сот процесіндегі қорғау құқығынан айырылуын талап етеді.

Әбілязов аталған шешімдерге шағымданған болатын, бірақ Апелляциялық сот судья Тираның шешімдерін қолдады. Енді, Банк Әбілязовқа қатысты Сот шешімдерінің орындалуына қол жеткізуде, одан кейін Банк оның активтерін мәжбүрлі түрде өндіріп алуға кіріседі.

Банктің пікірі бойынша Банктің Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Әбілязовпен ұрланған миллиард АҚШ доллар көлеміндегі активтерді қайтару мақсатында, Банк 2009 жылы Әбілязовпен сот дауларын бастады. 6 миллиардтан астам АҚШ долларын құрайтын талаптар осы сот процесін бұрын-соңды Сотта тыңдалмаған ірі алаяқтық әрекет ретінде жария етті.

Активтерді қайтару процесі үшін жауапты - Банктің Басқарушы директоры Павел Просянкин былай дейді: «Бүгінгі күні, біз, Англияның Жоғарғы сотымен Мұхтар Әбілязовқа қатысты шығарған шешімін қолдаймыз. Аталмыш шешім Әбілязовтың түрмеге қамалуы және өзінің активтері жайлы ақпаратты жария етуі немесе соттағы қорғау құқығынан айырылуы үшін оның Англияға қайтуын талап етеді. Соттың Әбілязовқа қатысты шешімі Банктің сенімін нығайта түседі және заңсыз иеленген активтерді қайтарудың тиімді тәсілі болып табылады. Оған қосымша, біз, бұрынғыша осы процеске тәуелдіміз. Сондай-ақ, бұл 2009 жылдан бері Банктің Әбілязовқа қарсы берген талап-арыздарында мазмұндалған алаяқтық туралы өтініштің заңдылығын растайды».

БАҚ арналған байланыстар:

Тел.: +7(727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz