Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банк өз берешегін қайта құрылымдау жөніндегі Ақпараттық Меморандумын жариялады, жоспарды бекіту үшін Кредиторлар Жиналысы 5 желтоқсанда өтеді

09.11.2012

АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ЖАРИЯЛАНУҒА НЕМЕСЕ ТАРАТЫЛУҒА ЖАТПАЙДЫ

Алматы, 2012 жылғы 9 қараша – БТА Банкі (әрі қарай - Банк) Банктің Қайта құрылымдау жоспарын бекіту үшін белгіленген қаржы кредиторлар жиналысының (әрі қарай – «Кредиторлар жиналысы») 2012 жылғы 5 желтоқсан күні жоспарланғандығын хабарлайды. 2012 жылғы 8 қарашада Банк өзінің Ақпараттық меморандумын жариялады, онда Қайта құрылымдау жоспарына сәйкес толық ақпарат, сонымен қатар Қайта құрылымдау жоспары бойынша кредиторлардың дауыс беру және талап қою процедураларының сипаттамасы қамтылған. Облигация ұстаушыларына талаптар қою және жиналыста жеке дауыс беру міндетті емес екендігі хабарланады, бұл - шақырылған Облигация ұстаушыларының жиналысында дауыс беру процесі арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттық меморандум (белгілі шектеулерімен) Банктің www.bta.kz/en/investor сайтында ұсынылған.

Қайта құрылымдау жоспарына сәйкес Банктің белгіленген қаржы кредиторларының талаптарының күші жойылады немесе қайта құрылымдалады, яғни кредиторлардың көпшілігінің Банктің қолма-қол ақшасы мен жаңа бағалы қағаздарының сәйкестігіне ие болуы қарастырылады, ал кредиторлар Сауданы қаржыландыру бойынша Жаңғыртылатын міндетті кредиттік желі негізінде өзгертілген және толықтырылған келісім жасайды. Жаңа бағалы қағаздардың ережелері мен шарттары Ақпараттық Меморандумда мазмұндалған.

Қайта құрылымдалатын берешектің кемінде үштен екі бөлігіне ие кредиторлар Қайта құрылымдау жоспарын бекітуі тиіс. Банк 2012 жылғы 16 қарашада өткізілетін өзінің борыштық бағалы қағаздар ұстаушыларының (әрі қарай – «Облигация ұстаушылар») жиналысы туралы хабарламалар жіберді. Облигация ұстаушылары Қайта құрылымдау жоспарын бекіту мақсатында төтенше шешімдер қабылдауға немесе Сенімді меншік иесіне олардың атынан Кредиторлар жиналысында дауыс беру нұсқаулығын тапсыруға ұсыныс жасайды. Облигация ұстаушыларының тиісті жиналыстарында кворум жиналмаған жағдайда, кейінге қалдырылған Облигация ұстаушыларының жиналыстары 2012 жылғы 30 қарашада өткізіледі.

Сондай-ақ, Банк 2012 жылғы 3 желтоқсанда жоспарланған Қайта құрылымдау жоспарын бекіту үшін Акционерлердің жалпы жиналысын шақырды. Банктің ҒДҚ ұстаушылары Акционерлердің жалпы жиналысында олардың атынан дауыс беру тәсілі туралы нұсқаулықтарды Депозитарийге ұсыну мақсатында Сенімхаттар нысанын толтыруы және оларды Депозитарийге қайтаруы тиіс.

Жиналысқа қатысу нұсқаулықтары Ақпараттық меморандумда мазмұндалған.

Облигация ұстаушыларының жиналысы және Акционерлердің жалпы жиналысы туралы хабарлама алмаған Облигация және ҒДҚ ұстаушылары кастодианмен немесе Euroclear немесе Clearstream басқа тікелей қатысушыларымен хабарласуы тиіс. Облигация және ҒДҚ ұстаушыларына арналған хабарламаларда Облигация ұстаушыларының жиналысы және Акционерлердің жалпы жиналысы туралы нұсқаулықтар, сонымен қатар Облигация және ҒДҚ ұстаушыларымен қабылданатын іс-шаралар қамтылады.

Облигация ұстаушыларының жиналысы бойынша Талаптар қою және Сенімхаттар нысандары, сонымен қатар ҒДҚ ұстаушыларының Сенімхаттар нысандары (белгілі шектеулерімен) Банктің www.bta.kz/en/investor сайтында ұсынылған.

БАҚ арналған байланыстар:

Тел.: +7(727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz


Осы құжатта мазмұндалған ақпарат Америка Құрама Штаттарының аумағында тікелей немесе жанама жариялануға немесе таратылуға жатпайды. Осы құжат АҚШ-тағы бағалы қағаздарды сату туралы ұсыныстарды қарастырмайды, сондай-ақ, тиісті өзгерістерімен, сонымен қатар оның ережелерімен 1933 жылғы АҚШ Бағалы қағаздар туралы заңына сәйкес тіркелмеген немесе тіркеуден шығарылмаған Қайта құрылымдау аясында шығарылатын бағалы қағаздар АҚШ аумағында ұсынылмайды немесе сатылмайды. Осындай бағалы қағаздардың қандай да бір бөлігін Америка Құрама Штаттарының аумағында тіркеуге немесе көпшілікке жария етуге болмайды.

Осы құжатта мазмұндалған ақпарат сату немесе осындай ұсынысқа қолдау көрсету туралы ұсыныстарды қамтымайды. Сатуға ықпал ету немесе сату туралы ұсыныс кез келген осындай юрисдикцияның бағалы қағаздар туралы заңнамасына сәйкес тіркелмеген, тіркеуден шығарылмаған немесе дәрежеленбеген жағдайда, заңсыз болып саналады. Бұл ретте осында мазмұндалған бағалы қағаздарды сатып алу кез келген юрисдикцияда қарастырылмайды.