Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің қайта құрылымдау процесі Қырғызстан аумағында қолдау тапты

28.11.2012

Алматы, 2012 жылғы 28 қараша – Бүгін, БТА Банкі (әрі қарай – «Банк») Алматы қ. Мамандандырылған қаржы сотында Банкке қатысты басталған қайта құрылымдау процесінің Қырғызстан аумағында қолдау тапқандығын хабарлайды.

Осы қолдауға Банк Бішкек қаласының Ауданаралық сотының шешіміне сәйкес 2012 жылғы 15 қарашада қол жеткізді және Қырғыз Республикасының аумағында келесі әрекеттердің орындалуын қамтамасыз етеді:

  • қайта құрылымдалатын қаржы міндеттемелері бойынша Банкке қатысты сот шешімдерінің орындалуын тоқтату;
  • осындай қаржы міндеттемелері бойынша Банк кредиторларының талаптарының Банкпен орындалуын тоқтату;
  • Қырғыз Республикасында Банктің активтерін өндіріп алу айналысына тыйым салу.

Осы қолдау Банктің қайта құрылымдау процесінің жалғасымды бөлігі болып табылады және қырғыз сотының аталмыш шешімі Банктің қайта құрылымдауды тану туралы өтінішін 2012 жылғы 11 шілдеде, 16 тамызда, 31 тамызда және 15 қазанда қол жеткізген Ұлыбритания, АҚШ, Украина мен Ресейдің мақұлдауынан кейін өз жалғасын тапты.

БАҚ арналған байланыстар:

Тел.: +7(727) 266 43 22
pr@bta.kz
www.bta.kz