Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы қайта құрылымдау жоспарын мақұлдады

04.12.2012

Алматы, 2012 жылғы 4 желтоқсан – «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) Банктің Қайта құрылымдау жоспарын мақұлдау мақсатында 3 желтоқсанда өткізілген Банк Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының (әрі қарай – Акционерлердің жалпы жиналысы) оң нәтижелері туралы хабарлайды.

Акционерлердің жалпы жиналысында Банктің орналастырылған акцияларының жалпы алғанда 86,7%-ына ие акционерлер қатысты, бұл ретте Қайта құрылымдау жоспарын бекіту туралы шешім 99,4%-ды құрайтын көпшілікпен қабылданды. Оның ішінде барлық орналастырылған GDR 33%-ы ретінде көрсетілген Акционерлердің жалпы жиналысында ұсынылған Банктің Ғаламдық Депозитарлық Қолхаттары (GDR) иелерінің 89,5%-ын құрайтын басым көпшілігі Қайта құрылымдау жоспарын мақұлдады.

Сонымен қатар Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Қайта құрылымдау жоспарында қарастырылған барлық келісімдерді бекіту мен аталған әрекеттерді жүзеге асыру мақұлданған. Мақұлдау процесінің келесі кезеңі 2012 жылғы 5 желтоқсан күні Алматы уақыты бойынша 10:00-де өтетін Кредиторлар Жиналысы болады.

Кредиторлар Жиналысы аяқталғаннан кейін Банк халықаралық инвесторлармен және олардың өкілдерімен екі онлайн-конференция өткізеді. Бірінші конференция 5 желтоқсан күні Ганконг уақыты бойынша 17:00-де, Алматы уақыты бойынша 15:00-де, Лондон уақыты бойынша 9:00-де өткізіледі. Екінші конференция аталған күні Алматы уақыты бойынша 20:00-де, Лондон уақыты бойынша 14:00-де, Нью-Йорк уақыты бойынша 9:00-де өтеді.

Алматы уақыты бойынша 15:00-дегі жиынға қатысқысы келетін тұлғалар https://event.webcasts.com/starthere.jsp?ei=1011298 мекенжайы бойынша тіркеуден өтулері керек. Алматы уақыты бойынша 20:00-дегі жиынға қатысқысы келетін тұлғалар https://event.webcasts.com/starthere.jsp?ei=1011301 мекенжайы бойынша тіркеуден өтулері керек.

Аталған конференцияларда Банк Кредиторлар Жиналысының қорытындыларымен таныстырады және белгіленген Кредиторларға қолжетімді ықтимал айырбас механизміне және тиесілі сомаларды бөлуге қатысты Кредиторларға қандай қадамдар жасау қажеттігі туралы хабарлайды.