Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің қайта құрылымдау жоспары Кредиторлардың Жиналысымен мақұлданды

07.12.2012

Алматы, 2012 жылғы 7 желтоқсан – «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) Белгіленген Қаржы берешегінен (толықтырулар енгізілген 2012 жылғы 8 қарашадағы Ақпараттық Меморандумда берілген анықтама бойынша) туындайтын талаптар бойынша 1 611 млрд. теңге (10,9 млрд. АҚШ доллар) мөлшеріндегі Банктің берешегін Қайта құрылымдау жоспарының Алматы қаласында 5 желтоқсанда өткен Кредиторлар Жиналысында мақұлданғандығын хабарлайды. Жоспарды мақұлдау үшін 1 511 млрд. теңге (10,2 млрд. АҚШ доллар) сомасындағы талаптарды иеленетін Кредиторлар дауыс берді, бұл барлық талаптардың 93,8 % құрайды. Дауыстар 2010 жылғы қайта құрылымдауға сәйкес Банкпен шығарылған борыштық бағалы қағаздардан (әрі қарай – Борыштық Бағалы Қағаздар), сауданы қаржыландыру бойынша жаңғыртылатын кредиттік желіден (әрі қарай - СҚЖКЖ) және Банкте «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат қоры» АҚ иеленетін депозиттерден (әрі қарай - СҚ депозиттері) туындайтын Талап ету құқығына ие Кредиторлармен берілді.

ҚР «ҚР банктер және банктік қызмет туралы» Заңына сәйкес Қайта құрылымдау жоспары үлесіне барлық талаптардың кем дегенде үштен екі бөлігі тиесілі Кредиторлармен мақұлдануы тиіс. Осылайша, Кредиторлар жиналысындағы дауыс беру қорытындысы бойынша БТА Банкінің Қайта құрылымдау жоспары Кредиторлармен мақұлданды. Осының алдында 2012 жылғы 3 желтоқсанда Қайта құрылымдау жоспары, дауыс беруге қатысқан ҒДҚ 89,5% қосқанда, 99,4% көпшілікті құрайтын Банк Акционерлерімен мақұлданған болатын.

Қайта құрылымдау нәтижесінде, Қайта құрылымдалуы тиіс қаржы берешегі шамамен 11 млрд. АҚШ долларынан шамамен 3,3 млрд. АҚШ долларына дейін қысқартылады, ал осы борышты өтеу мерзімі 3 жылдан 12 жылға дейін ұзартылады. Бұл Кредиторлардың барлық өтелмеген Талаптарын тоқтату немесе қайта құрылымдау есебінен жүзеге асады. Кредиторлар өтемақы ретінде өз талаптарының сипатына қарай ақшалар, Банктің акцияларын (немесе ҒДҚ), сонымен қатар Банктің жаңадан шығарылған облигацияларын алады. Бұдан өзге, СҚЖКЖ кредиторлары әрекет ету мерзімін және қолжетімділік кезеңін ұлғайту арқылы кредиттік желіні жаңғыртады.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қайта құрылымдауға қатысу аясында Банктің капиталына 1,2 млрд. АҚШ доллар сомасында (1,7 млрд. АҚШ доллар құрайтын СҚ депозиттерінің жалпы сомасынан) СҚ депозиттерін айырбастайды, сонымен қатар Банкке жаңа облигацияларға және СҚЖКЖ қатысты реттелген 1, 592 млрд. АҚШ доллар (теңгеде көрсетілген) мөлшерінде заем ұсынады.

Қайта құрылымдаудан кейін Банктің бірінші деңгейдегі капиталының коэффициенті Базель ІІ нормативтері бойынша 10%-дан жоғары көрсеткішке дейін қалпына келтіріледі.

Қайта құрылымдау аяқталғаннан кейін «Самұрық-Қазына» Қорына ағымдағы 81,48%-бен салыстырғанда 97% Банк акциялары тиесілі болады.

Енді, Кредиторлар 2012 жылғы 14 желтоқсанда сағат 10:00-ге дейін (Лондон уақыты бойынша) клирингтік жүйелер арқылы 2012 жылғы 21 желтоқсанға жоспарланған алғашқы үлестіру күнінде Қайта құрылымдау аясындағы кез келген тиесілі сомаларды алу, сонымен қатар қолданылған жағдайда, айырбас механизміне қатысу үшін Есептер бойынша нұсқаулықты ұсынулары қажет.

«БТА Банкі» АҚ Басқармасының Төрағасы Ерік Балапанов Қайта құрылымдау жоспарының мақұлдануына қатысты былай деп мәлімдейді: «Бізбен соңғы бірнеше айда жүргізілген зор жұмысымыздың Акционерлердің кезектен тыс жиналысы мен Кредиторлар Жиналысында оң нәтиже бергендігіне қуаныштымыз. Қайта құрылымдау жоспары Банк басшылығы мен Кредиторлар Кеңесінің бірлескен әрекеттерінің нәтижесі болып табылады, және біздің көпшілік акционерлеріміз оның пайдасына дауыс берді. Біз Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен ҚҚК, біздің негізгі акционеріміз – «Самұрық-Қазына» АҚ, сонымен қатар тәжірибелері мен кәсіпқойлықтары біздің Банк үшін Қайта құрылымдау процесінде өте бағалы болған кеңесшілерімізге алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ, осынау қиын уақытта Банкке тұрақты және шешімді түрде қолдау көрсеткен барлық клиенттеріміз бен серіктестерімізге де алғысымыз мол».

Қайта құрылымдау барысында Банктің қаржы кеңесшісі Lazard Frères компаниясы, заңды кеңесшісі - White & Case LLP болды. M.Favale-Tarter LLC де Банкке кеңес беру қызметтерін көрсетті.

Кредиторлар Комитетінің қаржы кеңесшісі - Houlihan Lokey, заңды кеңесшісі – Baker & McKenzie LLP болды.

Осы баспасөз-релизде қолданылған және Банктің енгізілген толықтыруларымен 2012 жылғы 8 қарашадағы Ақпараттық меморандумында анықталған терминдер осы баспасөз-релизде осындай анықтамаларға сәйкес қолданылды.

БАҚ арналған байланыстар:

Тел.: +7(727) 266 43 22
pr@bta.kz
www.bta.kz