Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Алматы қ. Мамандандырылған қаржы соты БТА Банкінің Қайта құрылымдау жоспарын бекітті

14.12.2012

Алматы, 2012 жылғы 14 желтоқсан – Бүгін, БТА Банкі (әрі қарай – Банк) Алматы қ. Мамандандырылған Қаржы соты (әрі қарай – Сот) 1 611 млрд. теңге (10,9 млрд. АҚШ доллар) сомасындағы Банктің міндеттемелерін Қайта құрылымдау жоспарын (әрі қарай – Қайта құрылымдау жоспары) бекіткендігін хабарлады. Соттың аталмыш шешімі 2012 жылғы 13 желтоқсанда шығарылды.

Бұған дейін хабарланғандай, 5 желтоқсанда Алматыда өткен Банк Кредиторларының жиналысы барысында Қайта құрылымдау жоспары талаптары 1 511 млрд теңгені (10,2 млрд АҚШ доллар) немесе қайта құрылымдалуы тиіс жалпы талаптар сомасының 93,8% құрайтын Кредиторлармен мақұлданды. Оған дейін Қайта құрылымдау жоспары 3 желтоқсанда Алматыда өткен Банк Акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысында мақұлданды. Осы шараға Банктің барлық орнықтырылған акцияларының жалпы алғанда 86,7% иеленетін акционерлер қатысты, бұл ретте Қайта құрылымдау жоспарын мақұлдау туралы шешім 99,4% құрайтын көпшілікпен қабылданды.

Барлық жоспарланған шараларды жүзеге асыру нәтижесінде, Қайта құрылымдалуы тиіс қаржы берешегі Банкте орнықтырылған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ депозиттерін (әрі қарай – СҚ депозиттері) қосқанда, шамамен 11 млрд. АҚШ долларынан шамамен 3,3 млрд. АҚШ долларына дейін қысқартылады, ал осы борышты өтеу мерзімі 3 жылдан 12 жылға дейін ұзартылады. Бұл Кредиторлардың барлық өтелмеген Талаптарын тоқтату немесе қайта құрылымдау есебінен жүзеге асады. Кредиторлар өтемақы ретінде өз талаптарының сипатына қарай ақшалар, Банктің акцияларын (немесе ҒДҚ), сонымен қатар Банктің жаңадан шығарылған облигацияларын алады. Бұдан өзге, СҚЖКЖ кредиторлары әрекет ету мерзімін және қолжетімділік кезеңін ұлғайту арқылы кредиттік желіні жаңғыртады.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қайта құрылымдауға қатысу аясында Банктің капиталына 1,2 млрд. АҚШ доллар сомасында (1,7 млрд. АҚШ доллар құрайтын СҚ депозиттерінің жалпы сомасынан) СҚ депозиттерін айырбастайды, сонымен қатар Банкке жаңа облигацияларға және СҚЖКЖ қатысты реттелген 1, 592 млрд. АҚШ доллар (теңгеде көрсетілген) мөлшерінде заем ұсынады.

Қайта құрылымдаудан кейін Банктің бірінші деңгейдегі капиталының коэффициенті Базель ІІ нормативтері бойынша 10%-дан жоғары көрсеткішке дейін қалпына келтіріледі. Қайта құрылымдау аяқталғаннан кейін «Самұрық-Қазына» Қорына ағымдағы 81,48%-бен салыстырғанда 97% Банк акциялары тиесілі болады.

БАҚ арналған байланыстар:

тел. +7(727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz