Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Астанада құрылысы БТА Банкімен қаржыландырылған қоқыс өңдеу кешені ашылды

26.12.2012

Алматы, 2012 жылғы 26 желтоқсан – Бүгін, БТА Банкі Астана қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) өңдейтін кәсіпорынның ашылғандығы туралы хабарлады. Оның құрылысы осы кәсіпорынның меншік иесі – «Алтын-ТЕТ» ЖШС жасалған кредиттік келісімнің аясында БТА Банкі ұсынған заемдық қаражаттарға жүргізілді.

Осы Келісімнің аясында қаржыландыру көлемі 36 млн еуроны құрады, оның 33 млн еуросы инвестияциялық мақсаттарға, қалған 3 млн еуро айналымдағы қаражаттарды толықтыруға бағытталды.

ҚТҚ өңдеу кәсіпорны қалдықтарды көмуге арналған қолданыстағы полигонның маңында, Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 7 шақырым жерде орналасқан ауданы 5 га жер телімінде салынды. Қоқыс өңдеу кешенінің қуаты жылына 300 мың тоннаны құрайды. Кәсіпорынды іске қосу нәтижесінде 320 жұмыс орны ашылды.

Жоба бұдан әрі толығымен пайдаға жарату арқылы қалдықтарды автоматтандырылған сұрыптауды қарастырады. Сонымен қатар өндірістік циклдың шеңберінде кәсіпорынның инфрақұрылымын ПЭТ (полиэтилентерефталат), ПЭ (полиэтилен), ПЭТ-пластин және эковаттардың өндірістік желілеріне арналған бастапқы шикізатпен қамтамасыз ету қарастырылған.

Қоқыс өңдеу кешенінің құрамына қоқысты сұраптау зауыты мен екіншілік екшенді шикізатты қайта өңдеу бойынша қосымша өндірістер кіреді: ПЭТ-тарлар мен ПЭ-пленкаларды флекстерге қайта өңдеу зауыты, ПЭТ-флекстерді ПЭТ-пластиндерге қайта өңдеу зауыты, сонымен қатар эковаттар өндірісінің зауыты.

«БТА Банкі» АҚ Басқарушы Директор – Басқарма мүшесі Арман Шакенов былай деп мәлімдеме жасады: «Біз банкіміздің осындай маңызды инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға үлес қосқандығы үшін қуаныштымыз. Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу кешені қызметінің Астананың экологиялық жағдайына ғана емес, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашу және өнеркәсіп өндірісінде екіншілік шикізатты қайта өңдеу өнімдерін қолдану арқылы әлеуметтік-экономикалық климатына да жағымды ықпал ететіндігіне сенеміз».

БАҚ арналған байланыстар:

тел. +7(727) 266 43 22

e-mail: pr@bta.kz

www.bta.kz