Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі 11,1 млрд. АҚШ доллар мөлшеріндегі қаржы берешегін қайта құрылымдаудың сәтті аяқталғандығын хабарлайды

27.12.2012

Алматы, 2012 жылғы 25 желтоқсан – «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – «Банк») Банктің 11,1 млрд. АҚШ доллар мөлшеріндегі қаржы берешегіне қатысты Қайта құрылымдау жоспары 2012 жылғы 24 желтоқсанда (Қайта құрылымдау күні) сәтті жүзеге асқандығын хабарлайды.

Қайта құрылымдауға сәйкес Кредиторларға төленетін тиісті сомалардың 90% астамын бөлу 2012 жылғы 24 желтоқсанда аяқталды. Есептесу жөніндегі нұсқаулықты ұсынбаған Кредиторлар өздеріне тиесілі сомаларды алу үшін аталған нұсқаулықты ертерек өткізулері тиіс.

Айырбастау механизміне сәйкес, 2018 жылғы Облигацияларды және Қалпына келтіру облигацияларын ұстаушыларға өздерінің ақшалай өтемдерінің барлығын немесе бір бөлігін әрекет ету мерзімі 10 жылды құрайтын Банктің жаңа облигацияларына (әрі қарай - Жаңа облигациялар) айырбастау опциясы ұсынылды. Аталған айырбастау Жаңа облигациялардың орнына ақша алғысы келетін Дисконтқа ие Арнайы борыштық құралдарды ұстаушылармен (OID) жүргізілуі мүмкін. Нәтижесінде 2018 жылғы Облигацияларды және Қалпына келтіру облигацияларын ұстаушылармен айырбастау үшін ұсынылған ақша өтемдерінің жиынтық көлемі ОID Ұстаушылармен айырбастау үшін ұсынылған Жаңа облигациялардың жиынтық құнымен салыстырғанда артық болды. Сәйкесінше, айырбастау опциясын таңдаған OID ұстаушылар айырбастау үшін ұсынылған Жаңа Облигациялардың әрбір АҚШ долларына қолма-қол ақшамен 0,55 АҚШ доллар коэффициенті бойынша талап етілген ақшалай өтемдердің толық сомасын алады. Өз кезегінде 2018 жылғы Облигацияларды және Қалпына келтіру облигацияларын ұстаушылар Жаңа облигациялар түріндегі талап етілген өтемдердің 58,4% алады (дәл сондай айырбастау коэффициентімен).

Қайта құрылымдау аясында қайта құрылымдалуы тиіс Банктің анықталған қаржы берешегі жойылды. Оның орнына Банк кредиторларға 1 618 млн. АҚШ доллар мөлшерінде қолма-қол ақша, сонымен қатар құны 750 млн. АҚШ долларды құрайтын жаңа облигацияларды бөліп берді. Сондай-ақ Банк сауданы қаржыландыру бойынша жаңғыртылатын кредиттік желі (RCTFF) туралы келісімді жаңартты, ол бойынша Банктің ағымдағы міндеттемелері шамамен 348 млн. АҚШ долларды құрайды. Бұдан өзге, Банк 1 189 млн. АҚШ доллар мөлшеріндегі Самұрық-Қазынаның депозиттерін және 19 млн. АҚШ доллар мөлшеріндегі Банктің реттелген борышын капиталға айналдыру нәтижесінде 597 286 607 949 жәй акцияны акциялар және GDR нысанында бөлді. Осыдан соң Банк «Самұрық-Қазына АҚ-нан Жаңа облигацияларға және RCTFF қатысты реттелген 1 592 млн. АҚШ доллар сомасында реттелген заем алды (теңгеде көрсетілген).

Банкті қайта құрылымдау келесі нәтижеге ие болды:

  • Банк:
    1. Банктің 1 208 млрд. АҚШ доллар қаржы берешегін жәй акцияларға айырбастау және акциялар мен GDR реттелген борышты ұстаушыларға бөлу;
    2. 1 618 млрд. АҚШ доллар мөлшеріндегі қолма-қол ақшаның және Банкпен шығарылған 750 млн. АҚШ доллар мөлшеріндегі облигациялардың орнына басқа Кредиторлардың 9 044 млн. АҚШ доллар мөлшеріндегі талаптарын тоқтату;
    3. ХҚЕС бойынша 1 592 млн. АҚШ доллар мөлшеріндегі «Самұрық-Қазына» АҚ алынған заемның әділ құнын көрсету арылы қосымша капиталды құру және Банктегі «Самұрық-Қазына» АҚ облигациялары бойынша купонды 4%-дан 6%-ға дейін ұлғайту нәтижесінде шамамен 10 млрд. АҚШ долларда қайта қаржыландырылды.
  • Банктің меншікті капиталының және 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Базель ІІ талаптарына сәйкес есептелген Банктің капиталының болжамды мөлшерлері тиісінше 219,2 млрд. теңге және 195,7 млрд. теңгені құрайды. Осыған байланысты Банк 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 21,6%-ға тең бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілік коэффициентімен капиталдың жиынтықталған құрылымына ие болады. Бұдан әрі бұл коэффициент Банктің бизнес-жоспарына сәйкес Базель ІІ нормативтері бойынша 10%-дан жоғары деңгейде сақталады.
  • Банктің қайта құрылымдалатын қаржы берешегі 11,1 АҚШ долларынан шамамен 3,3 млрд. АҚШ долларына дейін қысқартылды (Банкте қалған «Самұрық-Қазына» АҚ шамамен 600 млн. АҚШ доллар сомасындағы депозиттерін қосқанда).
  • «Самұрық-Қазына» АҚ өзінің Банктегі акциялардың бақылау пакетін 97,3% дейін арттырды, бұл жағдайда Кредиторлардың үлесіне жиынтығында акциялардың 2,5% тиесілі болады, ал 2010 жылғы Қайта құрылымдауға дейін акцияларды ұстаған миноритарлық акционерлердің үлесіне жиынтығында Банктің 0,2% тиеді.

Мәлім болғандай, Қайта құрылымдау жоспары 2012 жылғы 3 желтоқсанда Банк Акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысында 99,4% көпшілікпен (дауыс берген GDR ұстаушыларының 89,5% мақұлдауын қосқанда) және 5 желтоқсанда Банктің Кредиторлар Жиналысында 93,8% көпшілікпен мақұлданған.

«БТА Банкі» АҚ Басқармасының Төрағасы Ерік Балапанов мырза Қайта құрылымдау жоспарының орындалуына қатысты былай деп мәлімдеді: «Бізбен соңғы бірнеше айда жүргізілген зор жұмысымыздың оң нәтиже бергендігіне қуаныштымыз. Қайта құрылымдау Жоспарының орындалуы Банк басшылығына БТА Банкінің қазақстандық банк саласындағы негізгі қатысушы ретінде ұстанымдарын қалпына келтіруді мақсат ететін бизнес-жоспарды орындау үшін толығымен жұмыла әрекет етуге ықпал етеді. Біз акционеріміз – «Самұрық-Қазына» АҚ қосқанда барлық акционерлерімізге, кредиторларымыз мен Кредиторлар Комитетіне, сонымен қатар осынау қиын уақытта Банкке тұрақты және шешімді түрде қолдау көрсеткен барлық клиенттеріміз бен серіктестерімізге де алғысымызды білдіреміз».

Қайта құрылымдау барысында Банктің қаржы кеңесшісі Lazard Frères компаниясы, заңды кеңсешісі – White & Case LLP болды. Сонымен қатар Банкке M.Favale-Tarter LLC кеңес беру қызметтерін көрсетті.

Кредиторлар Комитетінің қаржы кеңесшісі Houlihan Lokey компаниясы, заңды кеңесшісі– Baker&McKenzie LLP болды.

Осы баспасөз-релизде қолданылған және Банктің енгізілген толықтыруларымен 2012 жылғы 8 қарашадағы Ақпараттық меморандумында анықталған терминдер осы баспасөз-релизде осындай анықтамаларға сәйкес қолданылды.

БАҚ арналған байланыстар:

Тел.: +7(727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz