Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

АҚШ соты БТА Банкінің қайта құрылымдау процесін АҚШ аумағында тұрақты қорғау жөнінде бұйрық шығарды

08.01.2013

Алматы, 2013 жылғы 8 қаңтар – «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) 2013 жылғы 3 қаңтарда АҚШ Нью-Йорктің Оңтүстік округінің Банкроттық істер соты (әрі қарай – Банкроттық істер соты) Банктің акционерлерімен, кредиторларымен мақұлданған және Алматы қ. Мамандандырылған экономикалық сотымен бекітілген Банктің Қайта құрылымдау жоспарының шарттарын бұзатын АҚШ-та орын алған әрекеттерді немесе процедураларды тұрақты қорғау туралы шешімнің қабылданғандығын хабарлайды.

Бұрын хабарланғандай, 2012 жылғы 16 тамызда Банкроттық істер соты АҚШ-тың Банкрот туралы кодексінің 15-бабына сәйкес Банктің Қайта құрылымдау процесін Америка Құрама Штаттарындағы шетел істері деп тану туралы шешім қабылдаған болатын. Істерді тану туралы шешім АҚШ аумағында Банкке немесе оның мүлкіне қатысты кез келген істердің тоқтатылуын қарастырады.

Банкроттық істер сотымен 2013 жылғы 3 қаңтарда қабылданған анықтама негізінде Қайта құрылымдау жоспарына сәйкес өтелген борыштар бойынша істер тұрақты түрде аяқталды және АҚШ аумағында Банкке немесе оның мүлкіне қатысты осындай қарыздарды өндіріп алу бойынша кез келген әрекеттер шектеледі.

Тұрақты тыйым салудың Тараптардың АҚШ аумағында Қайта құрылымдау жоспарына сәйкес қайта құрылымдалған Банк міндеттеріне қатысты әрекеттерді жүзеге асыруға кедергі болатынына қарамастан, ол Тараптармен Қайта құрылымдау жоспарына сәйкес ұсынылған кез келген құқықтарын жүзеге асыруға кедергі бола алмайды.

Осылайша, Банкроттық істер сотының жоғарыда аталған шешімі, сондай-ақ, Англия және Уэльстің Жоғарғы сотының 2012 жылғы 19 желтоқсандағы шешімі Ұлыбритания мен АҚШ аумағында Банктің қайта құрылымдау жоспарының тұрақты қорғалуын қамтамасыз етеді, осының нәтижесінде Қайта құрылымдау жоспарына қарама-қайшы келетін кез келген әрекеттерге екі елде де тыйым салынды.

Осы баспасөз-релизде қолданылған және Банктің енгізілген толықтыруларымен 2012 жылғы 8 қарашадағы Ақпараттық меморандумында анықталған терминдер осы баспасөз-релизде осындай анықтамаларға сәйкес қолданылды

БАҚ арналған байланыстар:

тел. +7 (727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz