Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ Жылдық акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін толықтыру туралы ХАБАРЛАМА

22.01.2013 12:01:08

Алматы қ.

«БТА Банкі» Акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, 2013 жылғы 14 ақпанда жоспарланған 2011 қаржы жылына арналған «БТА Банкі» АҚ жылдық акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін толықтыру туралы хабарлайды.

Бұрын көрсетілгендей, «БТА Банкі» АҚ жылдық акционерлердің жалпы жиналысы 2013 жылғы «14» ақпанда сағат 10:00, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Самал - 2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, «Блок, А2», «Конференц зал, 2-ші қабат мекенжайы бойынша өткізіледі. Акционерлерді тіркеу сағат 09:00 басталады.

Аталмыш жиналыстың күн тәртібі келесі мәселелермен толықтырылады:

10) « «ТұранӘлем Банкі» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2007 жылғы 22 ақпандағы №45 хаттамасымен бекітілген «БТА Банкі» АҚ орнықтырылған акцияларын сатып алу ережелеріне» өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде».

11) «Акционерлердің қоғам мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне жүгінулері туралы мәселені қарастыру жөнінде»

12) «2011 жылғы Басқарма және Директорлар кеңесінің сыйақы мөлшері және құрамы туралы ақпарат».

«БТА Банкі» АҚ акционерлерін Жылдық акционерлердің жалпы жиналысының жұмысына қатысуға шақырамыз. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі және өткізу мәселелеріне қатысты ақпаратпен және материалдармен келесі телефондар арқылы танысуға болады: +7 (727) 2 66 72 54; +7 (727) 2 66 72 69, e-mail: o_pitulova@bta.kz

Кворум жиналмаған жағдайда, Акционерлердің жалпы жиналысы 2013 жылғы «15» ақпан күні сағат 10:00, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Самал - 2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, «Блок, А2», «Конференц зал, 2-қабат мекенжайы бойынша қайта өткізіледі. Акционерлерді тіркеу сағат 09:00 басталады.

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заң талаптарына сәйкес Акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге акциялары номиналды иеліктегі және Орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде мәліметтері тіркелмеген меншік иесіне тиесілі акционерлер жіберілмейді.

Жылдық акционерлердің жалпы жиналысына қатысу үшін жеке-тұлға - акционерлердің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

Акционерлердің өкілдері - жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген, акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен немесе нотариустың мөрімен нотариалды куәландырылған сенімхаты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. Заңды тұлғалардың акционерлер өкілдері акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шарттарға сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін ұсынуға құқылы тұлға үшін қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге сенімхат талап етілмейді.

Заңды тұлғалар-акционерлер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» заңының 17-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» заңының аталмыш нормаларының талаптарын акционерлермен орындауы туралы өтініш ұсынуы тиіс.

Байланыстар үшін:
«БТА Банкі» АҚ Корпоративтік хатшының көмекшісі
Питулова Ольга Владимировна
+7 (727) 266-72-69, E-mail: o_pitulova@bta.kz