Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінде қайта құрылымдау процесінің аяқталуына байланысты ДК құрамында жоспарлы өзгерістер орын алады

11.02.2013 15:02:15

Алматы, 2013 жылғы 11 ақпан – Бүгін БТА Банкі (әрі қарай – Банк) қайта құрылымдау процесінің аяқталуына байланысты Директорлар кеңесінің құрамында жоспарлы өзгерістердің болатындығы жайлы хабарлады. Аталған өзгерістер аясында Банктің Директорлар кеңесінің Төрағасы Әнуар Сәйденов, кредитор өкілдері - Сергей Бабаян және Яцек Бжезински, сондай-ақ тәуелсіз директор Илкка Салонен Банктің Директорлар кеңесінің мүшелері ретінде өздерінің өкілеттіктерін өз бастамалары бойынша 2013 жылғы 14 ақпаннан бастап тоқтататындығы жөнінде хабарлады.

«Директорлар кеңесінің бүгінгі күнгі құрамы алдына қойған мәселелерді сәтті аяқтады, соның ішінде сөзсіз, Банктің қайта құрылымдалуы аяқталды. Акционерлердің әртүрлі топтарының мүдделерін ұсына отырып, Директорлар кеңесінің мүшелері осы қиын әрі ауқымды процестің іске асуына зор үлес қосты. Сондай-ақ, олардың тікелей қатысуымен Банктегі корпоративтік басқару деңгейінің маңызды артуына қол жеткіздік. Осыған байланысты, өзімнің әріптестерім – Сергей Бабаянға, Яцек Бжезинскиге және Илкка Салоненге – атқарған зор еңбектері үшін, сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» Қорына Банктің Директорлар кеңесімен тиімді ынтымақтастығы үшін алғыс білдіремін», - деп мәлімдеді Әнуар Сәйденов.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев Банк акционерлерінің атынан атқарған зор еңбектері үшін Директорлар кеңесіне алғысын білдірді. «Самұрық-Қазына» Қоры БТА-ның негізгі акционері ретінде 2011-2012 жылдардағы Банктің Директорлар кеңесінің құрамындағы кәсіпқойлар командасының қызметін жоғары бағалайды. Бүгін Банктің жұмысындағы маңызды кезең аяқталған кезде, олардың алдында жаңа мәселелер тұр, біз, Сәйденов, Бабаян, Бжезински, Салонен мырзаларға алғыс білдіре отырып, кәсіби қызметтеріне одан әрі жемістер тілейміз», – деп мәлімдеді Өмірзақ Шөкеев.

Банктің Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы мәселе 14 ақпанда өткізілетін Акционерлер жиналысында басқа да мәселелермен қатар қаралады.

БАҚ арналған байланыстар:

тел. +7(727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz