Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі Ақсай, Теміртау және Құлсары филиалдарын облыстық филиалдардың бөлімшелеріне түрлендіреді

13.02.2013 09:32:41

Алматы, 2013 жылғы 13 ақпан – «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) Директорлар кеңесі Ақсай, Теміртау және Құлсары қалаларында орналасқан Банк филиалдарын Банктің облыстық филиалдарындағы бөлімшелерге түрлендіру туралы шешім қабылдады.

Аталған шешім қаржы институтын одан әрі дамыту және оның бизнес-модельдерін жетілдіру стратегиясын ескеріп, Банктің ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру бойынша Бағдарламаларды іске асыру аясында қабылданды.

Жоғарыда аталған Филиалдарды бөлімшелерге түрлендіру Банктің клиенттермен жұмысына ешқандай кері әсер етпейді. Аталмыш аймақтардағы Банктің ағымдағы операциялық қызметтері қалыпты режимде жүзеге асырылады. Клиенттер бұрынғыдай кредиттік, депозиттік, аударым операциялары, есептік-кассалық қызмет көрсету және басқа банктік сервистер сияқты банк қызметтерінің барлық түрін ала алады. Банкпен көрсетілетін қызметтер сапасы және қызмет көрсету жылдамдығы бұрынғыдай жоғары деңгейде болмақ.