Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Хабарлама «БТА Банкі» АҚ Жылдық акционерлердің жалпы жиналысының қорытындылары

15.02.2013 09:45:51

2013 жылғы 14 ақпанда «БТА Банкі» АҚ 2011 қаржы жылындағы қызметі бойынша «БТА Банкі» АҚ Жылдық акционерлердің жалпы жиналысы өтті.

Аталмыш жиналыстың күн тәртібіне енгізілген мәселелерді қарау нәтижелері бойынша келесі шешімдер қабылданды:

  1. «БТА Банкі» АҚ Жарғысын жаңа басылымда бекіту;
  2. ««БТА Банкі» АҚ Корпоративтік басқару кодексін жаңа басылымда бекіту, «БТА Банкі» АҚ Жылдық акционерлердің жалпы жиналысының «БТА Банкі» АҚ Корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы шешімі күшін жойған деп қабылдансын (2010 жылғы 22 маусымдағы № 56 хаттама);
  3. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережені жаңа басылымда бекіту, «БТА Банкі» АҚ Жылдық акционерлердің жалпы жиналысының «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережені бекіту туралы шешімі күшін жойған деп саналсын (2010 жылғы 19 тамыздағы № 57 хаттама);
  4. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы мөлшерін, төлем шарттарын және шығындарын өтеу мөлшерін белгілеу ережелерін жаңа басылымда бекіту, «БТА Банкі» АҚ Жылдық акционерлердің жалпы жиналысының «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы мөлшерін, төлем шарттарын және шығындарын өтеу мөлшерін белгілеу ережелерін бекіту туралы шешімі күшін жойған деп саналсын (2010 жылғы 22 маусымдағы № 56 хаттама);
  5. 2012 жылғы «БТА Банкі» АК біріктірілген және жеке қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асыру үшін аудиторлық ұйым ретінде «Эрнст энд Янг» ЖШС анықтау;
  6. 2011 жылғы «БТА Банкі» АҚ аудит жүргізілген біріктірілген жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
  7. «БТА Банкі» АҚ таза кірісінің болмауына байланысты «БТА Банкі» АҚ резервтік капиталды толықтыру, таза кірісті бөлу және 2011 жылғы қызмет қорытындылары бойынша «БТА Банкі» АҚ жәй акциялары бойынша дивидендтер төлеу мүмкіндігінің болмауы туралы ақпаратты назарға алу;
  8. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі өкілеттіктерінің мерзімін анықтау – осы шешімді қабылдаған күннен бастап 3 жыл, «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамын алты адам мөлшерінде белгілеу;
  9. «БТА Банкі» АҚ келесі Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату:
    • Мурат Байсыновтың, «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі;
    • Юрки Талвитидің, «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры;
    • Булат Бабеновтың, «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры;
    «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына келесі тұлғаларды сайлау:
    • Елена Бахмутованы, «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі;
    • Мира Кошкимбаеваны, «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі;
    • Райхан Имамбаеваны, «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі;
    • Юрий Войцеховскийді, «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
    • Константин Корищенконы, «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  10. «ТұранӘлем Банкі» АҚ Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен бекітілген «БТА Банкі» АҚ орнықтырылған акцияларын сатып алу ережелеріне өзгерістерді және толықтыруларды бекіту (2007 жылғы 22 ақпандағы № 45 хаттама);
  11. «БТА Банкі» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің жүгінулері және оларды қарау қорытындылары итогах туралы ақпаратты назарға алу;
  12. 2011 жылғы «БТА Банкі» АҚ Басқарма және Директорлар кеңесі мүшелеріне төленетін сыйақының мөлшері және құрамы туралы ақпаратты назарға алу.