Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің Директорлар кеңесінің құрамын Елена Бахмутова басқарады

15.02.2013 20:02:53

Алматы, 2013 жылғы 15 ақпан – «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) Банктің Директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер орын алғандығын хабарлайды. 14 ақпанда өткен Банк Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы барысында Директорлар кеңесінің құрамына жаңа мүшелер Елена Бахмутова, Мира Кошкимбаева, Райхан Имамбаева, Юрий Войцеховский және Константин Корищенко тағайындалды.

 

Акционерлер жиналысының қорытындысы бойынша Банктің Директорлар кеңесі келесі құрамда қалыптасты:

  • Бахмутова Елена, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі
  • Балапанов Ерик, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі
  • Кошкимбаева Мира, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі
  • Имамбаева Райхан, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі
  • Войцеховский Юрий, Тәуелсіз директор
  • Корищенко Константин, Тәуелсіз директор

Бүгін, 15 ақпанда жаңа құрамда Банктің Директорлар кеңесінің бірінші отырысы өтті. Осы отырыс барысында Банктің Директорлар кеңесінің Төрағасы ретінде Елена Бахмутова сайланды.

Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер жоспарлы және қайта құрылымдау процесінің аяқталуына байланысты болып табылады. Жаңа құрамдағы Директорлар кеңесі қажетті басымдылықты сақтай отырып, банктік бизнестің барлық сегменттерінде жоғары бәсекеге қабілеттілікке ие тиімді, тұрақты және теңгерімді қаржы институтын құру бойынша жұмыстарға кіріспек.

БАҚ арналған байланыстар:

тел. +7 (727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz