Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Ақтөбеде «Дәру Клиникасы» сауықтыру медициналық орталығы ашылды, оның құрылысы БТА Банкімен қаржыландырылды

18.02.2013 17:12:46

Ақтөбе, 2013 жылғы 18 ақпан – Бүгін Ақтөбе облысында жаңа «Дәру» Клиникасы» Сауықтыру медициналық орталығы ашылды. Оның қызметінің негізгі бағыттары: әртүрлі ауруларды диагностикалау және емдеу, ересектер мен балаларды медициналық сауықтыру және қалпына келтіру терапиясы.

Орталықтың құрылысы 2009 жылғы көктемде басталды, жобаның жалпы құны 1 645 млн. теңге, оның 45% БТА Банкімен (әрі қарай – «Банк») бөлінді. Банкпен ұсынылған кредиттер «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бірінші бағыты бойынша «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Осы бағдарлама аясында мемлекет заемшылар үшін жылдық 7% дейін пайыздық ставкамен субсидиялайды (өтейді).

«Дәру» медициналық орталығының құрылысы Ақтөбе облысындағы үлкен жобалардың бірі және бүкіл Қазақстан үшін бірегей екендігін атап өткіміз келеді. Клиникада ерте және кеш сауықтыру және қалпына келтіру терапиясының үш негізгі бағыттары қалыптасқан: кардиореабилитация, нейрореабилитация, жарақат алу мен ота жасалғаннан кейінгі травматологиялық емделушілердің реабилитациясы. Қазіргі уақытта бұл инсульт ауруына шалдыққан емделушілерді сауықтыру бойынша қызметтер көрсететін заманауи жабдықтарға ие елдегі жалғыз медициналық мекеме болып табылады. Нейрореабилитацияға арналған Hocoma компаниясының (Швейцария) «Локомат» бірегей аппараты ерекше назар аудартады. Ол электр жетекпен жабдықталған және интеграцияланған қадамдық құрылғысы, тіктеуші үстелі, жүгіру жолы бар жүру дағдысын қалпына келтіру үшін қолданылатын роботталған ортопедиялық құрылғы болып табылады.

Осыған орай аталған жобаның жоғары әлеуметтік маңыздылығы оны жүзеге асыруға қаражаттар бөлу туралы шешім қабылдау үшін анықталған факторлардың бірі болды. «Дәру» медициналық орталығының құрылысын қаржыландырудағы негізгі қиындық бизнестің бастапқы сипаты болды, себебі, бастапқы жобалар енгізілген қаражаттардың қайтарылуы жағынан өте қауіпті екендігі белгілі.

Осы жобаға қатысты БТА Банкінің Ақтөбе филиалының Директоры Дания Еспаева былай дейді: «Біз, жобаның бірегейлігін және әртүрлі ауру түрлерінің көбеюіне байланысты науқастарды сауықтыру бойынша медициналық қызметтердің жоғары сұранысын ескере отырып, оның сәтті аяқталатындығына сенімді болып, осындай тәуекелге бардық. Сауықтыру курсынан өтуге мұқтаж болған жандардың осы күнге дейін шетелге шығуына мәжбүр екендігі құпия емес. Ал, көптеген жандардың оған қолы жете бермейді. Дегенмен, бүгіннен бастап «Дәру» клиникасы» медициналық орталығының ашылуы арқасында жоғары сапалы сауықтыру қызметтеріне біздің отандастарымыздың қол жетімділігі маңызды түрде артты. Осы әлеуметтік маңызды жобаның іске асуына банктің тікелей қатысқандығын сезіну біз үшін өте қуанышты жағдай».

БАҚ арналған байланыстар:

Тел.: +7(727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz