Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі Сауданы қаржыландыру бойынша жаңартылған кредиттік желіні игеруді бастау үшін барлық шарттарды орындады

19.02.2013 15:27:34

Алматы, 2013 жылғы 19 ақпан – «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) Сауданы қаржыландыру (RCTFF) бойынша Жаңғыртылатын кредиттік желіні игеруді бастау үшін барлық шарттарды орындағандығын хабарлайды. Міндеттемелер мөлшері 348,2 млн. АҚШ долларды құраған RCTFF келісімі жақында аяқталған қайта құрылымдау процесіне сәйкес өзгертіліп, толықтырылды. Осы Келісімнің мақсаты – Банкке Тиімді сауда мәмілелерін (Келісімде анықталғандай) қаржыландыруға мүмкіндік беру.

Келісім шарттарына енгізілген өзгерістерге сәйкес оның әрекет ету мерзімі 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін, ал игеру кезеңі – 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды. Сондай-ақ, өзгертілген және толықтырылған Келісім Банкке сауданы қаржыландыру мәмілелері бойынша баға параметрлерін төмендетуге және оған импорттау алдындағы қолма-қол ақшамен қаржыландыруды және ҚР резиденттері арасындағы сауда мәмілелерін қаржыландыруды қосу арқылы өнімдік желіні кеңейтуге мүмкіндік береді.

The Royal Bank of Scotland өзгертілген және толықтырылған RCTFF Келісімі аясында Агент және Кепілдік жөніндегі агент рөлін орындауды жалғастырады.

Банк өзгертілген және толықтырылған RCTFF Келісімін маңызды құрал деп санайды, ол Банкке клиенттерге жоғары сапалы өнімдер және бәсекеге қабілетті шарттармен сауданы қаржыландыру бойынша қызметтер ұсынуға мүмкіндік береді.

БАҚ арналған байланыстар:

тел. +7 (727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz