Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Ұлыбританияның Жоғарғы соты Әблязовтың соңғы апелляциясынан қабылдамады, бұл БТА Банкі активтерін қайтару процесін жеделдетеді

26.02.2013 16:38:53

Алматы, 2013 жылғы 26 ақпан – «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) Ұлыбритания Жоғарғы сотының Банктің Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовқа онымен Әблязовтың сот Найджел Тирдің шешіміне осының алдындағы шағымынан бас тартылған Апелляциялық соттың шешіміне шағымдануға рұқсат беруден бас тартқандығын хабарлайды. Сот Тирдің шешімі Әблязовтың сотқа құрметсіздік танытқаны және өзінің түрмедегі мерзімін өтеу үшін билік органдарына берілуден бас тартуы себебінен Әблязовты Банкпен қойылған шағым-талаптар бойынша қорғау құқығынан айырды. Әблязовқа кезекті апелляцияны шешіп беруден бас тарта отырып, Ұлыбританияның Жоғарғы соты Әблязовтың Апелляциялық соттың шешіміне қатысты шағымында жеткілікті қоғамдық мүддеге ие заңды негіздемелердің жоқ екендігін мәлімдейді. Банк Әблязовтан екі шағым-талап бойынша 2 млрд. АҚШ долларын өндіріп алу туралы сот шешімдерін алды. Сонымен қатар қазір Банкте тағы 1,5 млрд. АҚШ доллары бойынша сот шешімін алу процесі жүруде және Банк қажеттілік деңгейіне қарай бұдан әрі сот шешімдерін алуды жоспарлап отыр.

«Жоғарғы соттың бүгінгі шешімі Әблязов мырзаның заңды «маневрлеріне» нүкте қояды және сотпен Банктің пайдасына шығарылған шешімдердің орындалу процесін жеделдетеді. Жоғарғы соттың шешімі Банкке Әблязов мырзамен ұрланған активтерді өндіріп алу және қайтаруға мүмкіндік береді. Біз Банкке Әблязов мырзаның іс-әрекеттерінің салдарынан келтірілген активтерді қайтару және өтеу процесін берік ұстанатын боламыз,-деп мәлімдейді Басқарушы директор – Банк Басқармасының мүшесі Павел Просянкин.

БАҚ арналған байланыстар:

тел. +7 (727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz