Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі 2012 жылғы қаржы қорытындысын жасады

08.04.2013 18:47:45

Алматы, 2013 жылғы 8 сәуір - Бүгін, БТА Банкі (әрі қарай - «Банк») алдын ала Басқармамен, Директорлар кеңесімен және Банк Акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысымен бекітілген ХҚЕС бойынша 2012 жылы аудит жүргізілген біріктірілген есептілік негізінде Банк және БТА тобына кіретін компаниялар (әрі қарай - Топ) қызметінің нәтижелері жөнінде хабарлады.

2012 ЖЫЛҒЫ НЕГІЗГІ ҚАРЖЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ

2012 жылдың соңында Банк қайта құрылымдаудың күрделі әрі ауқымды процесін аяқтады, бұл  оның қаржылық жағдайына оң әсер етті. Осы процестің қорытындысы - Банкке түскен борыштық жүктеменің маңызды төмендеуі, сондай-ақ, Базель келісімінің реттеу нормативтері мен талаптарына толық сәйкес келетін деңгейге дейін оның қайта капиталдануы.

2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша активтер 8% артып, 1 611 млрд теңгені (10,7 млрд. АҚШ доллар) құрады, активтердің өсімі негізінен өтімді активтерге байланысты.

Кредиттік портфель (нетто) 1% дейін төмендеді және 645 млрд. теңгені (4,3 млрд АҚШ доллар) құрады.

Басқа активтер 28% дейін артып, 87 млрд теңгені (0,6 млрд. АҚШ доллар) құрады. Бұл активтерді қайтару бойынша белсенді шаралар аясында жүзеге асырылған кепілдегі мүлікті Банк балансына қабылдауына негізделді.

Міндеттемелер 34% төмендеді және 1 342 млрд. теңгені (8,9 млрд. АҚШ доллар) құрады.

Шығарылған борыштық бағалы қағаздар 89% дейін төмендеді және 74 млрд теңгені (0,5 млрд. АҚШ доллар) құрады. Төмендеу қайта құрылымдау процесінің аяқталу нәтижелері бойынша жүргізілді, осының аясында Банктің қаржылық берешегі төмендеді.

Кредиттік ұйымдардың қорлары 31% дейін төмендеп, 65 млрд. теңгені (0,4 млрд. АҚШ доллар) құрады. Қайта құрылымдау аясында Банк сауда-саттықты қаржыландыру (RCTFF) бойынша қаржыландыру шарттарын қайта қарастырды. 2012 жылғы желтоқсанда Банк жалпы сомасы 80 млн. АҚШ доллар RCTFF бойынша екі траншты өтеді.

ХҚЕС бойынша біріктірілген деңгейде меншік капиталы алғаш рет соңғы бес жылда оң деңгейде қалыптасып, 268,6 млрд. теңгені (1,8 млрд АҚШ доллар) құрады, капиталдың жеткіліктілігін қалпына келтіру Банктің қайта құрылымдау нәтижесі болып табылады.

Капиталдың жеткіліктілік коэффициенті k2 белгіленген нормативтен 2 есе артық (норматив 10% болғанда 23,7%). Базель келісімінің ұсыныстарына сәйкес есептелген бірінші деңгейлі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті 32,5% құрады.

Құрылған провизийлердің жеткіліктілік деңгейін көрсете отырып, 2012 жылы құнсыздануға резервтерді аудару 2011 жылмен салыстырғанда 91,8% төмендеді. Нәтижесінде құнсызданудан кейін таза пайыздық шығын 86%, яғни 2011 жылмен салыстырғанда 138 млрд. теңгеден 2012 жылы 19 млрд. теңгеге  төмендеді.

Пайыздық емес кірістер комиссиялар мен алым түріндегі таза кірістерді арттыру, сауда операцияларынан түскен таза кірістер және сатып алынған меншікті облигациялардан түскен кірістер есебінен 54,3% өсті.

Пайыздық емес шығындар (базалық сома бойынша қалпына келтіруге облигацияларды танудан болған шығындарды шегергенде) инвестициялардың құнсыздануына аударымдарды төмендету есебінен 2011 жылмен салыстырғанда 49,8% қысқарды.

МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАР МЕН ШЕШІМДЕР

2012 жылдың соңында жүргізілген Банктің қаржылық міндеттемелері бойынша қайта өткізілген құрылымдау қарастырылатын есептік кезеңдегі Банктің негізгі маңызды нәтижелерінің бірі болып табылады. Осыған орай бірінші қайта құрылымдаумен салыстырғанда, қайта құрылымдау Банк үшін маңызды қолайлы шарттарды қарастырды, соның ішінде келесі артықшылықтарды атап өтуге болады:

  •   сыртқы міндеттемелердің мөлшерін және купондық ставканы маңызды төмендету;
  •   жаңа құралдар бойынша шектеу шарттарын барынша қысқарту;
  •   күрделі құралдарды жою (OID облигацияларын және қалпына келтіру облигацияларын) және қайта құрылымдау кезінде есептен шығарылған борыштар бойынша кредиторлардың талап ету мүмкіндіктерінен бас тарту;
  •   корпоративтік шешімдердің күрделі процедураларын алып тастау.

2012 жылы Банк оның бұрынғы менеджментінің өкілдеріне қарсы Ұлыбританияның сот органдарына ұсынылған даулары бойынша маңызды прогреске қол жеткізді. 2012 жылғы қарашадан бастап 2013 жылғы наурызға дейін Англияның Жоғарғы Соты (әрі қарай - Сот) 3,9 млрд. АҚШ доллар мөлшерінде зияндарды өндіріп алу туралы бірқатар шешімдерді қабылдады. Банктің активтерді қайтару процесі аясындағы маңызды оқиғаларының бірі Бішкек қалалық сотының «БТА Банкі» ЖАҚ (Қырғызстан) капиталдағы 71% үлесін Банкке қайтару туралы шешімі болды, бұл шешім 2013 жылғы 15 қаңтарда заңды күшіне енді.

2013 жылы алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда проблемалық активтерді қайтару бойынша қарқынды жоспарлар қарастырылды.

2013 жылы Банк проблемалық активтерді қайтару бойынша қарқынды жұмысты жалғастырмақ, оның аясында активтерді қайтару көрсеткіштерін маңызды арттыру қарастырылған.

Қайта қаржыландыру процесімен қатар Банк менеджменті 2012 жылы тиімді әрекет етуші қаржы институтын құру мақсатын алға тартып, Банктің басқару жүйесін реформалады, оның қызметін үйлестірді

АҒЫМДАҒЫ ОҚИҒАЛАР

2013 жылғы ақпанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметіне мемлекеттің билігіндегі үш ұлттық банктердің акциялар пакетін стратегиялық инвесторға сатуды тапсырды. 2013 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша аудит жүргізілмеген біріктірілмеген қаржылық есептіліктің деректеріне сәйкес Банк активтері 1 511 млрд. теңгені (10  млрд. АҚШ доллар), меншік капиталы - 223 млрд. теңгені (1,5  млрд. АҚШ доллар), таза пайда - 11,9 млрд, теңгені (79 млн. АҚШ доллар), таза пайыздық маржа - 3,3% құрады.

Банк менеджменті өз тарапынан ҚР Президентінің аталмыш тапсырмасын дер кезінде және толық құнды орындау үшін барлық қажетті әрекеттерді жүзеге асырады.

 

БАҚ арналған байланыстар:

тел. +7(727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz