Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлды БТА24 онлайн-бөлімшесі арқылы төлеңіз

10.04.2013 18:04:51

Құрметті клиенттер!

БТА24 тәулік бойғы онлайн-бөлімшесінде (интернет-банкинг) онлайн режимінде жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұлдарды төлеудің жаңа сервисі іске қосылғандығын хабарлаймыз.

Енді ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлды төлеу оңай:

  1. www.bta24.kz сайтында тіркеліп, «жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұлдарды төлеу» тарауын таңдаңыз
  2. Нысанның тиісті жолына төменде ұсынылған мәліметтердің бірін теріңіз:
    • Көліктің мемлекеттік тіркелген нөмірін және көліктің техникалық құжатының нөмірін
    • Жүргізу куәлігінің нөмірін
    • ЖҚЕ бұзғаны үшін хаттама деректерін
  3. Осыдан кейін жүйе тиісті жолда төлем сомасын көрсетеді. Айыппұлды төлеу жүйе ұсынған сомада ғана төлеу керектігін естеріңізге саламыз. Төлем туралы хабарлама ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің дерек қорына автоматты түрде жіберіледі, яғни бұл ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдың өтелгендігін білдіреді.

Айыппұлды төлеу туралы чекті «Төлемдер тарихы» тарауынан табуға және қажет жағдайда оны басып шығаруға болады.

Барлық сұрақтар бойынша БТА24 пайдаланушыларды қолдау қызметіне мына телефондар арқылы хабарласа аласыз: 8 (727) 2500-252, 8 (8000) 800-111