Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі өз салымшыларына қашықтан қызмет көрсетудің жаңа мүмкіндіктерін ұсынады

17.04.2013 16:04:05

Құрметті салымшылар!

2013 жылғы 15 сәуірден бастап БТА Банкінде ашылған салымдарыңызды – қашықтан – тәулік бойғы БТА24 онлайн-бөлімшесі (интернет-банкинг) арқылы басқара аласыз.

БТА24 көмегімен өзіңіздің депозит немесе ағымдағы шот бойынша ақпаратты оңай қарау, оны ашқаннан кейін депозит немесе ағымдағы шот бойынша операцияларға қатысты үзінділерді қалыптастыру (қажет жағдайда – оны басып шығару) мүмкіндіктеріне ие боласыз, және ол үшін банк бөлімшесіне келудің қажеті жоқ.

БТА24 артықшылықтарын пайдалану үшін қашықтан жүргізілетін www.bta24.kz сайтында тіркелу процедурасынан өтесіз. Ол үшін БТА Банкінің өзіңіздің депозит немесе ағыдағы шот бойынша жүргізілген соңғы кіріс немесе шығыс операциялары бойынша чектегі ақпарат қажет болады.

Егер БТА Банкінде төлем карточкасын ашсаңыз, Сізге БТА24 басқа да артықшылықтары ұсынылады. Олар:

  • 800 астам жеткізушілердің әртүрлі қызметтерін төлеу (ұялы және қалалық телефон байланысы, коммуналды қызметтер, кабельді телевизия, Air Astana авиабилеттерін сатып алу және тағы басқалар);
  • БТА Банкінің карталары арасында, картадан депозитке, депозиттен/ағымдағы шоттан өзіңіздің төлем картаңызға, сонымен қатар БТА Банкіндегі кредитті өтеу есебіне ақшаларды аудару;
  • БТА Банкінде ашылған өзіңіздің шоттарыңыз бойынша ақпаратты қарау;
  • SMS-банкинг қызметіне қосылу;
  • Төлем картаңыздың авторланған лимитін көбейту.

БТА Банкінің төлем карточкасын ресімдеуге өтінім www.bta24.kz сайтында ресімделеді.

БТА24 тәулік бойғы онлайн-бөлімшесінде қызмет көрсетуге қатысты барлық мәселелер бойынша Пайдаланушыларды қолдау қызметіне мына телефондар арқылы хабарласа аласыздар: 8 (727) 2 500 252 және 7111 (ұялы телефондар үшін тегін қысқа нөмір). БТА24 пайдаланушыларды қолдау қызметі күнделікті сағат 08:00 бастап 24:00 дейін (Астана уақыты) жұмыс істейді.