Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Міне сәттілік!

18.04.2013 14:20:43

38-жастағы алматылық Жасұлан Бұтпаев бір жапырақ пластиктің арқасында кенет жаңа автокөлік иесі атанатынын ешқашан да ойламаған. Мүгедектер арбасына таңылып, өмірге шынайы көзқараспен қарауға үйреніп қалған ол, өмірден қандай да бір ғажапты күтпеген еді. Дегенмен, әділдік бар, себебі Бұтпаевтардың отбасында орын алған бұл оқиғаны ғажап қана деп айтуға болады.

 

Бәрі 5 жыл бұрын басталды, мүгедек тобына кіретін Жасұлан қолма-қол ақшасыз есеп-айырысу нысанын пайдаланбақ болып, БТА Банкінде мемлекеттен зейнетақы және жәрдемақыны алуға арналған «Қамқор» өнімі бойынша Visa карточкасын ресімдейді. Бұл дұрыс шешім еді, себебі осы жылы оның айы оңынан туды. Visa және Helios жанар май құю станциясының «Сынап көріңіз – Сіздерге сыйлық алған ұнайтын болады» атты біріккен акциясы аясында Жасұлан Бұтпаев негізгі жеңімпаз атанды.

 

Акцияға қатысу үшін 2010 жылғы 10 желтоқсаннан 2013 жылғы 28 ақпанға дейінгі кезеңде Helios жанар май құю станциялар желісінде кемінде бір сатылым жасап, Visa төлем картасы арқылы есептесу керек болатын. Осы акция аясында қазақстандықтар 20 литр бензинге 300 талон ұтып алу мүмкіндігіне ие болды, бірақ ең басты жүлде – жаңа Kia CERATO автокөлігі БТА Банкінің клиенті Жасұлан Бұтпаевқа бұйырды.

 

Жеңімпаз үшін бұл ұтыс кездейсоқ болғаны соншалық, Жасұлан алдымен сәттілікке сенгісі келмей банктің шалған қоңырауын бірінші сәуірдің әзілі деп ойлады. Бірақ барлығы рас болып шықты, екі аптадан кейін жеңімпаз өз ұтысының әсерімен бөлісті:

«Отбасымыздың мүшелері осындай Visa акцияларына жиі қатысады, менде Helios жанар май құю станциясында кезекті сатып алуды төлеген кезде ұтамын деп үміттендім. Менің бас жүлдеге ие болуым, сөзсіз менің отбасым үшін үлкен қуаныш!».

 

БТА Банкінің Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Асхат Бейсенбаев осы акцияға жиырмадан астам қазақстандық банктер қатысқанымен, бас жүлде БТА клиентіне бұйырғаны символизм ықпалы деп санайды:

 

«Біз осы жолы клиентіміздің бағы жанғанына шынында қуыныштымыз және Жасұланды осы ұтысымен құттықтап, оның барлық ісіне осындай сәттілік тілейміз. Біз VISA компаниясымен жиырма жыл бойы берік серіктестік қарым-қатынастамыз және казіргі уақытта көптеген клиенттеріміз Visa карточкасы сияқты ыңғайлы төлем құралының артықшылығын бағалап үлгерді. Осындай акциялар ғана сенімділікті нығайтады».

 

Оның әріптесі – Қазақстандағы Visa офисінің басшысы Ғалым Табылдиев та Жасұлан Бұтпаевты бас жүлдесімен құттықтап, оған жаңа автокөліктің кілтін тапсырды және жиі өткізілетін Visa акцияларына қатыса беруіне тілектестік білдірді. Оның айтуынша осындай акциялардың арқасында Visa карталарын ұстаушылар қолма қол ақшасыз есеп-айырысу артықшылығын толығымен бағалай алады.

 

«Осындай акциялар – Visa картасы арқылы төлеу ыңғайлы әрі қауіпсіз болумен қатар, құнды жүлделерді ұту мүмкіндігі. Біздің тараптан - бұл ризашылығымызды білдіру және Visa картасының қосымша бонусын ұсыну. Біз, көптеген адамдардың өз сатылымдарын кез келген жерде және кез келген уақытта Visa карталарымен төлеу және өз тәжірибесінде заманауи төлем құралын пайдалану ыңғайлылығын сынап көруіне мүмкіндік беруге тырысамыз».

 

Бұтпаевтардың нұрлы жүздеріне қарап, оларға керегі бар болғаны сәттілік екенін түсінесін. Оларға осы су жаңа автокөлік сәттілікке сенген және ыңғайлы, сенімді әрі қауіпсіз Visa карточкаларын күнделікті қолданған адамдардың ғана бағы жанатынын еске салып жүрсін.