Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі сыйлықтар ұсынады

18.04.2013 17:07:17

Сыйлықтарды ұтысқа салудың қайырымды акциялары – БТА Банкінің бұрыннан келе жатқан игі дәстүрі. Аталмыш қаржы институтының көптеген клиенттері бірнеше рет бағалы сыйлықтардың жүлдегерлері болып үлгерген. Клиенттерімізді тағы да қуанту үшін Банк басшылығы Visa төлем жүйесімен бірігіп «Теңіз көрінісімен шоппинг» романтикалық атауымен промоакцияны өткізуді шешті.

Бұл жолы акция 2012 жылғы 15 желтоқсаннан 2013 жылғы 15 ақпанға дейін жалғасты. Оған БТА Банктің Visa карточкаларының иелері, кәмелетке толған қазақстандықтар қатысты. Қатысудың негізгі шарты Дубай (БАӘ) аймағында Visa төлем карточкасымен жалпы сомасы 300 000 теңгеге қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу болатын.

Акцияның бас жүлдесі – 12 дана заманауи Apple iPhone 5 смартфоны. Сонымен қатар, 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейін Hilton қонақ үйінде орналасуға броньды Visa төлем карточкасы арқылы төлеген кезде клиенттерге 33% жеңілдік ұсынылған болатын.

Акция қорытындысы бойынша республика аймағында бірнеше жеңімпаздар анықталды, олардың бірі - Талдықорған қаласының «Жетісу» ФК кәсіпқой футболшысы Мұрат Тлешев. Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде БТА Банкі Талдықорған филиалында жеңімпазды марапаттаудың салтанатты рәсімін өткізді, жеңімпаз өзінің қуанышын жасырмай: «Мен бұрыннан Visa карточкасының ұстаушысымын, себебі, менің шетелде жиі болуыма байланысты, бұл тауарлар мен қызметтерге төлем жасаудың ыңғайлы әдісі болып табылады. Бұл акция жөнінде ештеңе білмеген едім. Жақында БТА Банкінің қызметкері қоңырау шалып, ұтысқа ие болғанымды хабарлады. Шынында, таң қалдым. Осындай тосынсый және жақсы көңіл күй сыйлағаны үшін біздің сүйікті Банкке үлкен алғысымды білдіреміні.»-деді.

Ғалым Абызбаев, БТА Банктің Талдықорған филиалының директоры:

«Әрқашан адамдарға сыйлық беру игі іс! Бүгін, біз Мұратқа сыйлығымыз – Apple iPhone 5 ұялы телефонын табыс еттік. Осы сәтті пайдалана отырып, біздің банктің барлық клиенттеріне қолдау көрсеткендері және ынтымақтастықтары үшін алғыс білдіремін.».

Жыл сайын Visa төлем карточкаларымен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу саны көбейіп келеді. Бұл төлем тәсілі қоғамның әртүрлі топтары арасында өз тиімділігін әрі сұранысын дәлелдеді. Бүгінгі таңда Visa карточкаларын ұстаушылар көптеген дүкендерде, жанар май құю станцияларында, кафелерде, мейрамханаларда, сондай-ақ интернетте сатылымдарға төлем жасай алады. Бұл ыңғайлы, жылдам әрі қауіпсіз.