Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің депозиттері: валюта бағамының ауытқуынан тәуіелсіздік

30.04.2013 17:59:36

Құрметті клиенттер!

БТА Банкінде ерекше артықшылықтармен депозит ашуды ұсынамыз, олардың ішінде салым валютасын бір шарттың аясында есептелген сйықыны жоғалтпай жеңілдік бағаммен ауыстыру. Сіздердің мүдделеріңіз бен талаптарыңызға сәйкес біз, сіздің уақытыңызды да үнемдеуге мүмкін ететін сыйақы ставкаларын жоғарылаттық және жинақтарыңызды сенімді сақтап, оларды тиімді ұлғайтумен қатар, интернет арқылы онлайн режімінде депозитті басқару сияқты көптеген жаңа мүмкіндіктерді енгіздік.

Бүгін БТА Банкінің депозиттері -бұл:

Тиімді ставкалар

Енді олар теңгеде жылдық 9,4% дейін, шетел валютасында жылдық 5,6% дейін. Тиімді толықтыру - сіздің салымыңыз бойынша ставкалар бүкіл орналастыру мерзімінде барлық 3 валюта бойынша белгіленеді.

Мультивалюталық

БТА Банкі өз клиенттеріне мультивалюталық салым ашуды ұсынатын аз ғана банктердің бірі болып табылады. Осындай салымдар аясында сіз бір уақытта үш шотты аша аласыз - теңгеде, АҚШ долларда еурода, бұл - өз ақшаңызды сыйақыны жоғалтпай жеңілдетілген бағамдар бойынша автоматты түрде айырбастауды жүргізу арқылы валюта бағамдарының өзгерістерінен қорғауға өте ыңғайлы.

Салымды интерент арқылы басқару

Салымдарды ішінара шешіп алу және толықтыру үшін сізге банк бөлімшесіне келу қажет емес. БТА Банкінде салым ашыңыз да,  БТА24 онлайн-бөлімшесінде (www.bta24.kz) тіркеліңіз және кез келген уақытта ақшаны депозиттен карточкаға және карточкадан депозитке аудару, сондай-ақ интернетке қолжеткізетін кез келген құралдардың көмегімен әр түрлі қызметтерді төлей аласыз. 

Төлем карточкасын тегін ашу

Біздің әрбір салымшыға қолма-қол ақшаны шешіп алғаны үшін тарифі төмен Visa немесе MasterCard халықаралық төлем карточкасын сыйға тартамыз, оны сіз ішінара шешіп алу және депозитті толықтыру, сондай-ақ таурлар мен қызметтерге төлеу үшін қолдана аласыз.

Толықтыру және ақшаны шешіп алу еркіндігі

Сомалар мен операция саны шектелмей, салымды толықтыруға және төмендетілмейтін қалдыққа дейін ішінара ақшаны шешіп алуға болады.

Жоғары сенімділік

БТА - қазақстандық жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесінің  бірінші банк - қатысушысы болып табылады. БТА Банкінде салым сомаларына және сыйақы ставкаларына қарамастан, ашылған барлық депозиттер Қазақстандық салымдарды кепілдендіру қорымен сақтандырылған.

Қосымша артықшылықтары

Клиенттердің  БТА Платинум Сертификатын ресімдеу мүмкіндіктері бар, оның аясында тиімді тарифтер, премиум-карталар, жеке ВИП-қызмет көрсету бойынша банк қызметтерінің кең түрлері ұсынылады.

 

Біздің әртүрлі депозитіміз арқылы өзіңіздің оңтайлы сұранысыңызға сәйкес салым түрін жеңіл таңдай аласыз.

Біздің депозиттердің талаптарымен танысу және салымды ашуға онлайн-өтінімді ресімдеу www.bta.kz/ru/personal/deposites/ сілтеме бойынша мүмкін болады. Біздің мамандарымыз сіздермен байланысып, лайық салымды, ең жақын бөлімшені және оған баруға ыңғайлы уақытты таңдауға көмектеседі.