Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ Жылдық акционерлердің жалпы жиналысының қорытындылары

08.05.2013 16:47:36

2013 жылғы 6 мамырда 2012 жылғы қызмет қорытындысы бойынша «БТА Банкі» АҚ Жылдық акционерлерінің жалпы жиналысы өтті.

Аталған жиналыстың күн тәртібінде қамтылған мәселелер бойынша келесі шешімдер қабылданды:

1. 2012 жылғы «БТА Банкі» АҚ тындалған жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін.

2. Банктің жәй акциялары бойынша дивиденттерді төлегенге дейін «БТА Банкі» АҚ таза кіріс есебінен «БТА Банкі» АҚ сақтық капиталы 37 278 103 000 (отыз жеті миллиард екі жүз жетпіс сегіз миллион бір жүз үш мың) теңгеден 174 735 759 000 тенге (бір жүз жетпіс төрт миллиард жеті жүз отыз бес миллион жеті жүз елу тоғыз мың) теңгеге дейін арттырылсын;

2. 372 781 030 000 (үш жүз жетпіс екі миллиард жеті жүз сексен бір миллион отыз мың) теңге мөлшеріндегі 2012 жылғы «БТА Банкі» АҚ таза кірісін бөлу келесі тәртіпте бекітілсін:

1) 37 278 103 000 (отыз жеті миллиард екі жүз жетпіс сегіз миллион бір жүз үш мың) теңге мөлшеріндегі таза кіріс бөлігі «БТА Банкі» АҚ сақтық капиталын ұлғайтуға бағытталсын;

2) «БТА Банкі» АҚ 2012 жылғы қызмет қорытындысы бойынша жәй акциялардың дивидендтерін төлеуден бас тартылсын және осыған байланысты «БТА Банкі» АҚ бір жәй акциясы есебінде дивиденттер мөлшері белгіленбесін;

3) қалған 335 502 927 000 (Үш жүз отыз бес миллиард бес жүз екі миллион тоғыз жүз жиырма жеті мың) теңге «БТА Банкі» АҚ билігінде болсын.

3. 2013 жылы «БТА Банкі» АҚ аудитін жүзеге асырушы аудиторлық ұйым ретінде «Эрнст энд Янг» ЖШС анықталсын.

4. 2012 жылғы «БТА Банкі» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің өтініштері және қарастыру қорытындылары туралы ақпараты ескерілсін.

5. «БТА Банкі» АҚ Басқарма және Директорлар Кеңесі мүшелерінің 2012 жылғы сыйақы мөлшері және құрамы жөніндегі ақпарат ескерілсін.