Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Англияның Жоғарғы соты Әбіләзовтың Ұлыбританиядағы меншігін сату туралы үкім етті

21.05.2013 16:59:05

Алматы, 2013 ж. 21 мамыр – Англияның Жоғарғы соты (бұдан әрі – «Сот») KPMG басқарушы компанияға Мұхтар Әбіләзовке тиесілі және Ұлыбританияның аймағында орналасқан, сатуға өкілеттігін беретін «люкс» қатарындағы үш жылжымайтын мүлік объектілерін өндіріп алу туралы ақырғы үкім етті.

Аталмыш шешім «БТА Банкі» АҚ (бұдан әрі – «Банк») Мұхтар Әбіләзовтың Банктің Директорлар Кеңесінің Төрағасы лауазымында болған кезеңіңде Банктен заңсыз шығарылған активтерді қайтару мақсатында бастама еткен, заңды өндіріс шеңберінде шығарылған. Бұл шешім Соттың жалпы сомасы шамамен 3,7 млрд. АҚШ доллар Банктің пайдасына шығарылған қатарынан басқа маңызды шешімдерден кейін ерді.

Соттың аталмыш шешімі келесі жылжымайтын мүлік объектілерін сатуға рұқсат етеді:

  1. Carlton House деп аталатын Лондонның солтүстік жағында орналасқан Бишоп авенюдағы дербес үй. Дербес үй қабылдауға арналған 15-метрлік залдан, кітапханадан, 9 жататын бөлмеден тұрады, аймағында бассейн және 12 адамға арналған түрік моншасы бар.
  2. Oaklands Park деп аталатын Ұлыбритания, Виндзор қаласында орналасқан ауданы 40 гектардан астам жер телімі. Телімнің аймағында 8-үй, тәлімбақ, теннис корттары, көлдер, орман алабы және тікұшақ алаңы бар.
  3. Albert’s Court деген атаумен белгілі Лондондағы Сент-Джонс-Вуд ауданында орналасқан күзетілетін ғимаратта орналасқан пәтер.

Павел Просянкин, Басқарушы директор – активтерді қайтару процесстерді басқаратын Банктің Басқарма мүшесі аталмыш оқиғаға былай түсінік берді: «Осы Сот үкімін біз Әбіләзовтың Директорлар Кеңесі Төрағасының лауазымында болған кезеңіңде иеленген бірнеше миллиард АҚШ долларды Банктің активтеріне қайтару жолына тағы да бір маңызды қадам деп бағалаймыз. Енді сот шешімі шығарылған бойынша активтерді сатуға болады. Біз бүкіл әлем бойынша Банктің активтерін қайтару үшін Сот шешімін әрі қарай қолдануға ниеттенеміз.».

БАҚ арналған контактілер:

+7(727) 266 43 22
pr@bta.kz
www.bta.kz