Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Credo бір келгенде

23.05.2013 11:04:08 / "Время" газетінің материалдары бойынша

Осы көктемде БТА Банкінің Credo карточка ұстаушыларының арасында ақшалай сыйлықтардың ұтысы өткізілді. Нұргүл УНГАРБАЕВА мен Александр АСТАШКИН ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Қызығы жеңімпаздарымыз БТА Банкінің кредиттік карточкаларының тәжірибелі пайдаланушылары екен. Нұргүл Қызылорда облысының тұрғыны, карточканы бес жыл бұрын ресімдеген.

- Бұл өнім өте ыңғайлы, дейді Нұргүл, - карточка мені көп жағдайда құтқарып қалды, әсіресе шетелге саяхатқа шыққанда пайдасы зор. Ақшалай сыйлықты қайта жаратасың дейсіз бе? Оны мен Credo картасына саламын! Александр Асташкин Солтүстік Қазақстан облысынан, ол өзінің ұтысына өте қуанышты. Ақшалай сыйлықты қайда жаратуын - жұбайымен ақылдасып шешеді:

- БТА Банкінің кредиттік карточкасын төрт жылдан бері қолданамын. Егер бұл ыңғайлы болмағанда, ертерек басқасына ауыстырып алар едім. «Қалтадағы банксіз» қалай әрекет ету керектігін білмеймін де. Себебі әрқайсымыз ақшаны жинаған соң емес, дәл қазір жақсы өмір сүргіміз келеді.

Кредиттік карталардың ыңғайлылығын айтудың өзі артық. Көптеген қазақстандықтар мұны түсінеді, кенет туындаған шығындар үшін кредитті ресімдегеннен гөрі, кредиттік карточканы бір рет ресімдеген оңайырақ, оған қоса ақшаны қайда жұмсауды көрсету, бірінен соң бірі жиналатын төлемдерді шатастырудың қажеті жоқ.

Одан, Credo кредиттік карточкасының ыңғайлылығын әңгімелеп берген жөн.

- Біздің кредиттік картаның негізгі ерекшелігі – бұл берешекті өтеудің төрт схемасының болуы. Артықшылығына қарай борышты бір жола немесе ай сайын берешек сомасының 10% немесе 20% өтей аласыз. Тағы бір нұсқасы – әр айда лимит картасы бойынша белгіленген соманың 6% енгізу. Төлемі белгіленген соңғы схема – клиент үшін түсінікті. Мысалы, егер сіздің лимит – 100 мың теңге болса, кредит толығымен әлде оның бір бөлігі төленді ме – оған қатыссыз ай сайынғы төлемді 6 мың теңге көлемінде өтейсіз. Кредит бойынша төлем ұзақтылығы ғана өзгереді. Қалай болса да, ай сайынғы төлем мөлшері сізге белгілі болады, бұл отбасылық бюджеттегі шығындарды жоспарлауға мүмкіндік береді – деп түсіндіреді БТА Банкінің Жеке тұлғаларды кредиттеу басқармасы бастығының орынбасары Ольга ШЛЕНКИНА.

Сонымен қатар кредиттік картаны пайдалану ыңғайлылығы кез келген уақытта мерзімінен бұрын толығымен немесе ішінара өтеуді қарастырады. Ол үшін банкке барудың қажеті жоқ – карточкаға ақшаны тікелей банкомат арқылы салуға болады. Егер Сізде БТА Банкінің жалақы карточкасы болса, онда өтеу автоматты түрде жүргізіледі. Ай сайынғы сома жалақыдан алынады, ол кезде Сізге SMS-хабарлама келеді. Бұл клиенттің уақытын үнемдейді.

- Credo бойынша сыйақы ставкасы таңдап алған өтеу схемасына байланысты және жылдық 0,01% құрайды (сыйақының жылдық тиімді ставкасы – 0,01% басталады). Қаражаттарды қолма-қол ақшаға айналдыру үшін 3% төлем комиссиясы ғана алынады. Бұл комиссияны ақшаны қолма-қол айналдырған жағдайда ғана төлейсіз, ал егер дүкенде терминал арқылы төлейтін болсаңыз, онда бұл операция сіз үшін тегін болады. Сондай-ақ, Credo бойынша басқа стандартты банктік комиссиялар да тегін: картаға бірінші жыл қызмет көрсету құны, өтінімді қарастыру үшін және заемды ұйымдастыру үшін комиссия.

Тағы бір жаңалығы: енді бұрынғыдай жеке картаны шығаруға 5 күн күтудің қажеті жоқ. Credo картасын жеке куәлігіңізді ұсынумен БТА Банкіне бір рет келіп қана алуға болады. Ал кредиттік картаны қайта шығару мүмкіндігімен үш жылға дейін пайдалануға болады.

Көктемгі акция жеңімпаздарының жолы болды, олар сыйлықақылы сома түріндегі жағымды бонусқа ие болды. Бірақ ең үздік ұтыс — бұл әрине, Credo кредиттік карточканың өз иелеріне ұсынатын ыңғайлы әрі жаңа қаржылық мүмкіндіктері. Сеніңіз — Сіз де осындай ыңғайлы қаржы ресурсынан бас тартқыңыз келмейді.