Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің Директорлар кеңесі мен Басқарма құрамындағы өзгерістер туралы

22.07.2013 16:11:49

Алматы, 2013 жылғы 17 шілде -  «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) Банктің Директорлар кеңесінің Тағайындау, сыйақы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің ұсыныстарына сәйкес Директорлар кеңесі келесі шешімдерді қабылдағандығын хабарлайды (2013 жылғы 17 шілдедегі №20 шешім):

1. Е.Ж.Балапановтың «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі ретінде оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөніндегі хабарламасын назарға алу туралы.

2. 2013 жылғы 17 шілдеден бастап Е.Ж.Балапановтың «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы ретінде оның өкілеттігін өз бастамасымен мерзімінен бұрын тоқтату (отбасы жағдайына байланысты) туралы.

3. «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары А.Н.Бейсенбаевты 2013 жылғы 17 шілдеден бастап «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының міндеттерін уақытша атқарушы қызметіне тағайындау туралы.