Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің Директорлар кеңесі және Басқарма құрамындағы өзгерістер

24.07.2013 09:49:22

Алматы, 2013 жылғы 24 шілде - БТА Банкінің Директорлар кеңесі (бұдан әрі - Банк) Тағайындау, сыйақы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеттің ұсыныстарына сәйкес Банктің Директорлар кеңесі мен Басқарма құрамына өзгерістер енгізуге байланысты бірқатар шешімдер (2013 жылғы 17 шілдедегі № 20 шешім) қабылдады.

Қабылданған шешімдерге сәйкес Ерік Балапановтың Банктің Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық Қазына» АҚ өкілі және Банктің Басқарма Төрағасы ретінде оның өкілеттігін өз еркімен тоқтату жөнінде бұған дейін берілген хабарлама қанағаттандырылды. Банктің Басқарма Төрағасының міндеттемелерін уақытша атқару Банктің Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Асхат Бейсенбаевқа жүктелді.

Банк Басқармасының құрамында болған өзгерістерді түсіндіре отырып, «Самұрық Қазына» АҚ  Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев былай мәлімдеді: «Банктің негізгі акционері атынан Ерік Балапановқа БТА тарихындағы ең қиын кезеңдердің бірінде тұрақты жұмысты қамтамасыз етуге зор үлес қосқаны үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Ерік Жұмаханұлының Дағдарысқа қарсы менеджер ретінде әрекет етуінің және оның командасының арқасында стратегиялық мақсаттарға - БТА кредиторларының алдындағы міндеттемелерді қайта құрылымдауды жүзеге асыруға және қаржы институтының дамуын қамтамасыз етуге қол жеткіздік».

Аудит жүргізілмеген біріктірілмеген есептілік деректеріне сәйкес Банк 2009 жылы алғаш рет операциялық қызметтен таза кіріс алды, ол 2013 жылғы 6 ай ішінде  21,2 млрд  теңгені құрады. 2013 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша жыл басынан Банктің таза кірісі 21,2 млрд. теңгені, активтер - 1,53 трлн теңгені, несие портфелі - 607,2 млрд теңгені, депозиттік портфель - 531,2 млрд теңгені, өзіндік капитал - 232,1 млрд. теңгені құрады.

БАҚ арналған байланыстар:

Тел.: +7 (727) 266 43 22
e-mail:pr@bta.kz
www.bta.kz