Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі Басқармасының құрамындағы өзгерістер туралы

30.07.2013 17:10:23

Алматы, 2013 жылғы 30 шілде - «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) Тағайындау, сыйақы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеттің ұсыныстарына сәйкес келесі шешімдерді (2013 жылғы 30 шілдедегі № 22 шешім) қабылдағандығын хабарлайды:

1. «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы қызметіне Кадыржан Кабдошевич Дамитовті 2013 жылғы 5 тамыздан бастап бір жыл мерзімге тағайындау туралы.

2. «БТА Банкі» АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі Джанна Даулетбаевна Ахметжанованы бір жыл мерзімге «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары қызметіне тағайындау туралы.

3. «БТА Банкі» АҚ Басқарушы директоры - Қаржы контроллингі департаментінің Директоры Римма Есеновна Ильясованы бір жыл мерзімге «БТА Банкі» АҚ Басқарушы Директоры - Басқарма мүшесі қызметіне тағайындау туралы.